Бүгінде Парламент депутаттары жер-жерді аралап, кездесулер өткізіп, халықтың жағдайымен танысып жүр. Осындай кездесулердің бірі «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-да өтті. Парламенті Сенатының депутаттары Жұмабек Төрегелдинов пен Людмила Полторабатько орталық қызметкерлерімен кездесіп, Елбасы Жолдауы мен заң шығарушы органның жұмысы жайында әңгімеледі.
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғұлама ғалым, қазақ халқының ардақты перзенті Қ.И. Сәтпаевтың 115 жыл мерейтойына арналған «Ұлт пен дәуірдің ұлы тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталмыш іс-шараға Мемлекет тарихы институты, ҚР Президенті мұрағаты өкілдері мен институт қызметкерлері қатысып, ғылыми баяндамаларын жасады.
«ҰҒТАО» АҚ мен ХБА бірлескен екі жақты меморандумға қол қойды. Қос тарапқа тиімді бұл келісім аясында жаңа бастамалар қолдау тауып жүзеге асырылатын болады.
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ғылым күніне орай «Қазақ ғылымы және «Мәңгілік Ел» тақырыбында мерзімді баспасөз өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Бүгінгі бас қосуымызда ғалымдар қазақ ғылымындағы тарих ғылымының дамуын талқылады. Қазақстан ғылымы мен еліміздің стратегиялық даму бағдарламаларындағы орны мен ерекшелігіне тоқталды. Келелі кеңеске Институт қызметкерлері мен мерзімді баспасөз өкілдері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бүгін Еуразия Технологиялық Университеті еліміздегі жетекші өндірістік компаниялармен өндірістік ғылыми-білім беру консорциумын құру туралы көпжақты мәмілеге қол қойды. Консорциумның мақсаты айқын. Аталмыш оқу орнын бітірген мамандар жұмыспен қамтамасыз етіледі әрі кәсіпорындардағы кадр жетіспеушілігі мәселесі де шешіледі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қабылдап, еліміздің білім беру мәселесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, сала басшысына нақты тапсырмалар берді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынова ханым осы аптада Алматыға келіп жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелердің жұмысымен танысты. Комитет төрағасының орынбасары «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталғы» АҚ да ат басын бұрып, орталықтың жұмысымен танысып, ой бөлісті. Кездесу соңында орталықта ұзақ жыл қызмет атқарған нәзік жандыларды Наурыз – көктем мерекесімен құттықтап, комитеттің «Құрмет грамотасын» табыс етті.
Бүгін Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы Қазақстан ғалымдарының халықаралық ғылыми журналдарға ғылыми мақала жариялауын арттыру және отандық ғылыми журналдарды халықаралық ғылыми мәліметтер базасына енгізу мәселесі бойынша «Қазақстандық ғылыми журналдардың халықаралық ақпарат ресурстарына шығу мәселелері және оны шешудің жолдары» деген тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Басқосуда «ҰҒТАО» АҚ-ы дүниежүзіндегі ең ірі Scopus бірыңғай рефераттық мәліметтер қоры мен ScienceDirect базасын пайдаланудың мүмкіндін арттыру үшін Elsevier B.V. компаниясымен арнайы келісімге қол қойғанына куә болдық.
2013 жылдың мамыр айында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімдінің ұйымдастыруымен «Мини ЭКСПО – 2014» байқауы өтеді. Шара барысында «Болашақ энергиясы» атты жобаларға байқау жарияланып отыр.