Айтулы шара

30.04.2014 Ұлт пен дәуірдің ұлы тұлғасы


Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғұлама ғалым, қазақ халқының ардақты перзенті Қ.И. Сәтпаевтың 115 жыл мерейтойына арналған «Ұлт пен дәуірдің ұлы тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталмыш іс-шараға Мемлекет тарихы институты, ҚР Президенті мұрағаты өкілдері мен институт қызметкерлері қатысып, ғылыми баяндамаларын жасады.
Институт директоры, профессо

р Х.М. Әбжанов ғылыми баяндамасында артына өшпес із қалдырған нар тұлғалы ғұлама ойшыл Сәтпаевты тәуелсіздігіміздің интеллектуалды іргесінің негізін салған тарихи тұлға деп атап өтіп, оның геология ғылымынан басқа да мәдениет, тарих саласына қосқан үлесі, шығармашылық мұрасы, атқарған ұлы істері тарихпен астаса қарысып, бүгінгі болашақтың өзекті тарихи құбылыс болып табылатындығын айта келе, «бар ғұмыры, қуаныш пен реніші туған халқының қылауынан ажырамағанына куә боламыз» деп өзіндік ойын білдірді. Ғалымның Алаш қозғалысына араласуы, қазақ даласындағы формациялардың алмасуы, социалистік идея алып келген үміт пен күдіктің қайшылығын басынан өткеруі сынды құбылыстарға ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырды дей келе, Сәтпаевты ғылымдағы ұлттық идея символы деп атады.


Қаныш Сәтпаев қазақ балаларына арнап «Алгебра» оқулығын жазған ағартушылардың бірі. А.Байтұрсынұлы Халық ағарту комиссары болып тұрған 1920-21 жылдары қазақтан шыққан оқығандарға әр саладан оқулық жазуға тапсырма берген. «Алгебра» оқулығы – сол Байтұрсыновтың бастамасының жемісі. Қ.Сәтпаев бұл оқулықты 1919-1924 жылдары институтта оқып жүрген кезінде жазады. Осылайша ғалым ағартушы ретінде математика ғылымын дамытуға өз үлесін қосады. Бірақ белгісіз себептермен аталған оқулық 85 жыл уақытта қайта жарық көрмейді. Тек Еуразия ұлттық университетінің оқытушыларының мұрындық болуымен 2005 жылы қайта басылып шығады.


Сонау 1920 жылдары Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Осы күнгі жастарда Қаныш Сәтпаев – адамның жорғасы. Тірі болса, тірі жүрсе, бақты, талайлы болатын жігіт» деп айтқан екен. Расында да Сәтпаев қашанда ғылымның бар саласынан хабардар болып жүрген. 1947 жылы кеңес парламентарийі Англияға сапарға барады. Парламентарий құрамында қазақ ғалымы Сәтпаев та болады. Кездесу барысында Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап: «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» - деп сұрапты. Сонда академик Сәтпаев: «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биігірек», - деп жауап берген екен. Осы сөзден ғалымның парасаты мол, жан дүниесі кең адам екенін аңғаруға болатындай.

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ


2642
Қатысушылар
Қатысу