Қазақстандық ғылыми баспалар / «Биотехнология. Теория және іс-тәжірибе» журналы

«Биотехнология. Теория және іс-тәжірибе» журналы (ISSN 1028-9399) Қазақстандағы және оның тыс аумағындағы микорағза биотехнологиясы, өсімдіктер, жан-жануарлар, экология, мал-дәрігерлік, медициналық биотехнология саласындағы биотехнология бойынша ғылыми зеттеулердің нәтижелерін қамтып көрсететін іргелі және қолданбалы сипаттағы мақалаларды жариялайды.

Журналдың бөлімдері: Шолулық мақалалар, рефераттық хабарламалар және шетелдік ғалымдардың жаңалықтары.

Журнал Қазақстанда 1997 жылдан бастап шығарылады. Тиражы 200 дананы құрайды. Басылымның мерзімділігі- әр тоқсан сайын.

Журнал ғылыми шығармашылықтың негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсылған басылымдар тізіміне енгізілген.

Жарияланымның шарттары және де басқа толығырақ ақпараттар жарияланымның Ережелері бөлімінде.

«Биотехнология. Теория және іс-тәжірибе» журналында ғылыми мақалалар жариялау ережесі.

«Биотехнология. Теория және іс-тәжірибе» журналы медицина, ауылшаруашылық, экология, биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтып көрсету үшін іргелі және қолданбалы сипаттағы түпнұсқалы мақалаларды қабылдайды. Журнал ғылыми шығармашылықтың негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсылған басылымдар тізіміне енгізілген. Журналдың халықаралық стандарттық сериялық нөмері ISSN 1028-9399.

Басылымның төмендегідей бөлімдері бар:

  1. Шолулық мақалалар 50000 белгіге дейін (22-25 бет);
  2. Түпнұсқалы мақалалар 30000 белгіге дейін (13-15 бет);
  3. Рефератты жаңалықтар 15000 белгіге дейін (7-8 бет);
  4. Шетелдік ғалымдардың жаңалықтары.

Журнал www.biotechlink.org сайтында дәстүрлі типографиялық және электронды түрде қабылданған мақалаларды жариялайды. Журнал жарияланымға алдын-ала және аяқталынбаған жұмыстарды қабылдамайды. Қолжазбалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылады. Жарияланған материалдар жарияланымның авторына-корреспондентіне журналдан тексерілген мақаланың 1 көшірмесі ретінде, сонымен қатар журналдың электронды нұсқасындағы мақалаларға сілтеме жіберіледі. Егерде авторлармен өздері көрсеткен мекен-жай немесе телефонмен байланысу мүмкін болмаған жағдайда, журнал мақаланы жариялауды кешіктіру құқығын өзіңе қалдырады.

Мақалаларға қойылатын негізгі талаптар:
зерттеуде шешілетін міндеттердің өзектілігі;
зерттеулер нәтижелерінің сараптамалары және бірігуі қойылымының орындылығы;
сараптамалық мәліметтерді жаңғыртудың мүмкіндіктері;
баяндаушылықтың анықтығы және қисындылығы;
журнал қойған талартарға сәйкес мақалаларды рәсімдеу;
Жариялауға ұсынылған қолжазбалардың төмендегідей бөлімдері болуы шарт:
Әмбебап ондық классификация бойынша индекс (ӘОК);
Мақаланың атауы (сонын ішінде ағылшын тілінде міндеттітүрде);
Аталған зерттеу жүргізілген мекеменің толық атауы;
Автордың толық аты-жөні, тегі (сонын ішінде латын әріптерімен міндетті түрде)
Автор-корреспонденттің электрондық почтасының мекен-жайы;
Мақалаға аңдатпа (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде);
Негізгі сөздер (сонын ішінде ағылшын тілінде міндетті түрде);
Мақаланың атауы;
Библиографиялық сілтемелер және көрнекі материалдар ( суреттер, кестелер, фотосуреттер).

Мақаланың бөлімдерінің мазмұнына қойылатын талаптар:
Аңдатпа міндетті түрде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болуы қажет. Ағылшын тіліндегі аңдатпа 250 аспайтын, бірақ 200 кем емес мәтіннен құралуы керек.

Аңдатпа келесі үлгідегідей құрылымдалуы қажет:
Алғы сөз.
Бұл бөлімде зерттеуге арналған және оған қатысы бар алдынғы жұмыстардың дәлелдерін нақты бейнелеу керек, сонымен қатар нақты сұрақтардан немесе гипотезалардан тұжырымдама келтіру керек.

Методология / Негізгі қорытындылар
Методологиялық ерекшеліктерге қатты тоқталмай, ең маңызды нәтижелерді, қолданылған әдістерді қысқаша сипаттау керек. Қажет болған жағдайда негізгі сараптамалардан мысалдар келтіріңіздер.

Қорытындылары / Маңызы
Мақаланың мәнін барынша анық белгілеңіз. Сіз сонымен қатар нәтижелердің неғұрлым жалпылай немесе болшақтағы зерттеулерге арналған нақты ұсыныстарды қысқаша келтіре аласыз. Бірақта есте сақтайтын бір маңызды сәт, редакторлар әрқашан болашақ зерттеулердің мүмкін болатын тәсілдеріне емес, ұсынылған жұмыстың тікелей қорытындысына ерекше көңіл бөледі.

Сондықтан, қысқартылған сөздерді ең аз деңгейде қолдану қажет немесе аңдатпаға сілтеме келтірмеңіз.
Үш нұсқада да 10 дейін негізгі сөздер – орыс, ағылшын, қазақ тілдерінде. Мақалалның негізгі мәтінінің кіріспе бөлімі, зерттеу материалдары мен әдістері, нәтижелер мен талдаулар, қорытындалары болуы керек. Егерде жұмыс барысында қолданылған әдіс аз танымал болса, тиісті жарияланымға сілтемеден басқа, оның қысқаша түсініктемесі қажет. Стандартты танымал әдістерге сілтеме жасаудың қажеті жоқ.

«Нәтижелер мен талдау» бөлімінде бірін-бірі қайталамайтын кестелер мен суреттер болып, заңдылық тұрғысында ерекше назар аударылып алынған сараптамалық мәліметтердің сипаттамасы болуы керек. Нәтижелерді өткен шақта баяндау ұсынылады. Талдау зерттеу нәтижелерінің сипаттамаларын қайталамау керек. Бөлімнің соңында мақаланың кіріспе бөліміндегі сұрақтарға жауап беретін негізгі қорытынды шығару ұсынылады. Мәтінде ғылыми әдебиеттерде жалпы қабылданған қысқартылған сөздер қолданылуы керек. Стандартқа сәйкес келмейтін қысқартылулар мәтінде бірінші пайда болғаннан соң толық көрсетілуі қажет. Өлшем бірліктері СИ Халықаралық жүйесінде көрсетілуі керек.

Библиографиялық сілтемелер (қолданылған ақпарат көздерінің тізімі).
Қолданылған ақпарат көздері МЕМСТ 7.1-2003 сәйкес рәсімделеді. Қысқартылған сөздер: том –Т, нөмер- №, беттер – С, том ағылшын нұсқасында – Vol, нөмер - №, беттер – Р. Қолданылған әдебиеттер тізіміндегі сілтемелер тәртібі мақала мәтініндегі олардың дәйек сөздері мен көрнекіліктеріне сәйкес келуі керек. Библиографиялық жазба түпнұсқа тілінде орындалынады. Жарияланбаған жұмыстағы сілтеме жасауға рұқсат етілмейді. Мәтінде сілтемелер төртбұрышты жақшаларда нөмерленеді, нөмер қолданылған ақпарат көздеріндегі ақпарат көздеріне сілтеме жасайды. Бар болған жағдайда сілтеме қосымша ретінде PMID (PubMed identifier or PubMed unique identifier) и DOI (Digital Object Identifier) болуы керек. Мақаланың түпнұсқасында ақпарат көздерінің саны 25-тен,шолу мақалаларында соңғы -10 жылдағы 50 ақпарат көздерінен аспауы керек.

Контакты:
Мекен-жайы: Астана қ, Уалиханов көшесі 13/1,
тел: +7 (7172) 214020
info@biotechlink.org

8041