«Ғылыми қоғамдастықтың және басқа да мүдделі 
тараптардың ғылымды мемлекеттік басқаруға қанағаттану дәрежесі» 
2023 жылғы социологиялық сауалнаманың қорытындысы 


«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасының 44-тармағын іске асыру мақсатында «ҰМҒТСО» АҚ «Ғылыми қоғамдастықтың және басқа да мүдделі тараптардың ғылымды мемлекеттік басқаруға қанағаттану дәрежесі» социологиялық сауалнамасын жүргізуді көздейтін ғылыми және іскерлік қоғамдастық өкілдерінің пікірлеріне талдау жасады.  

Сауалнама анкеталарды тікелей жіберу арқылы жүргізілді. Сауалнама екі блокқа бөлінді: ғылыми қоғамдастық үшін (27 сұрақ) және басқа мүдделі тұлғалар үшін (13 сұрақ). 

Сауалнама 2024 жылғы 15 қаңтардан 2024 жылғы 29 қаңтарға дейін жүргізілді. Қатысушылар саны 241 адамды құрады, оның ішінде 221 ғылыми қоғамдастық және 20 бизнес қоғамдастығының өкілдері. 

Ғылыми қауымдастық өкілдеріне:
• ғылыми қауымдастық алдында тұрған ең өзекті мәселелер
• ғылыми жобаларды іске асыруға бизнес-қоғамдастығының қатысуын арттырудың перспективалық бағыттарын бағалау;
• ГҚ мен БНҚ, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру гранттарына өтінімдерді беру тәртібін бағалау сұрақтары қойылды.