EXPO-2017

Торсық бейнесіндегі дәмхана - Қызылордада өткен «EXPO -2017» жәрмеңкесінде ұтқан жоба

26.05.2014

8261

Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «EXPO -2017, Жаңашыл жастар мен кемел келешекке» атты инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі болып өтті.
Жәрмеңкеге Әйтеке би кенті әкімдігі, мектеп, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі, аудандық ішкі саясат бөлімі аудан жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты - жастардың инновациялық ой-санасын дамыту, талантты, білімді жастарға бағыт-бағдар беру, қолдау көрсету. Аталмыш жәрмеңкеге Қазалы ауданы бойынша 8 қатысушы өз жобаларын қорғап шықты. Әр қатысушының жобасының мақсаттары, міндеттері, іске асыру жоспарлары түгел қамтылған.

№249 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Әлиев Нұрғисаның - Торсық бейнесіндегі дәмхана атты жобасы ең үздік деп танылып жүлделі бірінші орынды иемденді. Ал жүлделі екінші орынды №266 мектеп-лицейдің ұстазы Ақбаева Жаннаға табысталды. Ал үшінші орын №165 мектептен Омаров Ғазиз иемденді.

Орын иегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Қалған қатысушы жастарға «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Автор: Елубай Әуезов

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар