Өзектi

КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІ «КОРЕЯНЫҢ БІРІГУІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

28.11.2016

5440

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Ёнг Чон Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына жасаған сапары аясында «Кореяның бірігуі және Қазақстан» тақырыбында дәріс өткізді.

Институттың профессор-оқытушылары мен студенттеріне дипломат Оңтүстік Корея экономикасының даму тарихы мен Қазақстанмен ынтымақтастығы туралы баяндады. Чо Ёнг Чон Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына оң баға беріп, екі ел арасындағы бірлескен тиімді жобаларды атап өтті. Сонымен қатар ынтымақтастықты кеңейтуде және инвестициялық саясатты жандандыруда атқарылып жатқан істер турасында әңгімеледі.
Сонымен қатар шара барысында Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшілігінің қолдауымен «Кореяның бейбітшілігі – Кореяның бірігуінде» тақырыбында өткен шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Эссе жанрындағы әдеби сында Филология факультетінің 6 студентінің шығармасы үздік деп танылған болатын.
Шара соңы қазақстандық К-РОР стиліндегі орындаушылардың концертіне ұласты.

Дереккөзі: tarmpi.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар