Айтулы шара

05.02.2020 «ҰМҒТСО» АҚ-ы президентінің ашық тыңдау есебі өтті

Бүгін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның үлкен залында «ҰМҒТСО» АҚ-ы президенті Әділ Ыбыраев Орталықтың 2019 жылы атқарған жұмыстары жайында ашық тыңдау есебі өтті. Осы орайда кетуіміз керек, Орталық басшысының ашық тыңдау есебі өтетіні жайындағы ақпарат Орталықтың сайты мен Фейсбуктағы ресми парақшасында күнібұрын жарияланып, тыңдауға кез келген ғылыми қызметкердің қатыса алатыны хабарланған болатын.
Айтулы шараға А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, «Ғылым ордасы» РМК бас директорының орынбасары Нұрлан Сейдін және Орталық қызметкерлері қатысты.
Бұдан басқа шараға Экономика институты, Жану мәселері институты, Сейсмология институты, Механика және машинажасау институты, Математика және математикалық моделдеу институты, Микробиология және вирусология институты, Философия, саясаттану және дінтану институты сынды іргелі ғылыми мекемелердің ғылыми хатшылары мен бөлім басшылары қатысқанын айта кетуіміз керек.


Ашық тыңдау барысында «ҰМҒТСО» АҚ-ы президенті Әділ Ыбыраев еліміздегі ғылымның әлеуетті бағыттары бойынша гранттық қаржыландыруға ие болып, жүзеге асып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйеніп, Қазақстан Республикасындағы ғылымның даму деңгейіне қатысты өзінің сараптамылық ой-пайымдарын жұртшылықпен бөлісті. Орталық басшысы өз есебінде еліміздегі ғылыми кадрлардың әлеуеті мен аймақтарадағы ғылымның қалай дамып жатқанына айрықша көңіл бөлгенін айта кетуіміз керек.
Бұдан кейін Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері Арайлым Ақболат, Тахир Азатұлы, Маринат Бапиева және Константин Карев мінбеге шығып, атқарған жұмыстары жайында баяндады. Орталыққа қарасты департамент пен басқармалардың басшылары өздерінің есептерінде сараптамалық матриаладар, нормотивтік-құқықтық базаларға енгізілген өзгерістер, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүзеге асырудың үрдістері және ҰМҒТСО-ның ақпараттық базасының қалай қалыптасып жатқаны жайында кеңінен әңгімелеп берді.


2250
Қатысушылар
Қатысу