Айтулы шара

06.02.2017 Елбасы Жолдауы Қазақстанды жаңа дәуірге бастайды

Жақында «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жан-жақты талқылап, өз ойларын ортаға салды. Жиынды ашқан «МҰҒТСО» АҚ-ы перзиденті Әділ Ыбыраев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы ел экономикасын өркендетуде ғылыми дамудың маңызын айқындап көрсеткенін алға тартты. Бұдан кейін мінбеге «МҰҒТСО» АҚ вице-президенті Марат Пернеқұлов, сарапшы ғылыми қызметкерлер Эльвира Галанц, Галина Улезько, Жасқайрат Бүркітбаевтар баяндама жасап, Жолдауға қатысты өз пайымдарын ортаға салды.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы Қазақстанды жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына бастайтыны сөзсіз. Қазақстан Тәуелсіздік жылдары бүкіл әлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танылды.


Халқымызда «Жұмала көтерген жүк жеңіл» деген даналы сөз осы тұрғыда айтылса керек. Ендігі кезекте әрбір қазақстандық осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекітуге үлес қосуы тиіс. Білім мен тәжірибені ел игілігі мен келешек ұрпақтың жақсы өмір сүруі үшін жұмсайтын кез келді.

Жолдауды талқылау барысында сөз сөйлеген Жасқайрат Бүркітбаев ойын былайша сабақтады:
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында ғылым мен инновацияларға ерекше көңіл бөліп келеді. Себебі, әр мемлекеттің қарыштап дамуы ғылымдағы жаңалықтарды өзінің өндірісіне енгізу арқылы жүзеге асатыны белгілі. Биылғы Жолдауында да аталған үрдіс назардан тыс қалмады. Атап айтсақ, әлемде дамыған 3D-принтер технологиясын, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да келешегі кемел салаларды дамытатынын кез келгенін айрықша атап өтті. Жоғарыда атап өткен технологиялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикалық құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа бергенін бәріміз білеміз. Сондықтан, Елбасы атып көрсеткендей, цифрлық технологияны қолдану аясын арттырып, жаңа жобаларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды, әрі кешенді міндет. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуге және қабылдауға тапсырма берді. Елімізде цифрлық индустрияның дамуы басқада салалардың дамуына серпін беретіні сөзсіз. Осы тұрғыда IT саласының қарқынды дамуын ерекше бақылауда ұстаудың маңызы зор. Алдағы уақыттарда салынатын барлық өндіріс ошақтары, маңызды құрылыс нысандардың заманауи технологиялармен басқарылатын болады. «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруға тапсырма беруі осының айғағы. Ол әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасына айналуы тиіс. Біз өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуетімізді осылайша дамытуымыз керек, – деді.


Биылғы Жолдауда еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағыты жөніндегі өз көзқарасың жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып орындауға күш-жігерімізді жұмсасақ алынбайтын қамал болмасы анық. Сондықтан Жолдауда атап көрсетілген мақсат-міндеттерді іске асырсақ, ел экономикасы өкендеп, Қазақстанның абырой-беделі асқақтай түсетіні сөзсіз.


«МҰҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

2350
Қатысушылар
Қатысу