Айтулы шара

02.10.2015 Ханойдағы басқосу

Бүгін Вьетнам астанасы Ханойда Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына мүше елдердің кезекті басқосуы болып өтті. Аталған шараға «ҰҒТАО» АҚ президенті Әділ Ибраев, орталықтың Ғылыми-техникалық ақпаратты біріктіру департаментінің директоры Тамара Кубиева қатысты.
Басқосу кезінде Ханой қаласының мәдениет сарайында халықаралық «Техмарт» технологиялар көрмесі де болып өтті. Бұл жолғы шара барысында «ҰҒТАО» АҚ президенті Ә.Ибраев баяндама жасап, «ҰҒТАО» АҚ-ның атқарып жатқан жұмысы жайында кеңінен әңгімелеп берді. «Қазіргі таңда «ҰҒТАО» АҚ Қазақстандағы ғылыми-техникалық ақпараттарды жүйелеп, жинақтауда жетекші ұйымға айналып отыр. Орталық қызметкерлерінің сараптауынан өткен ғылыми-техникалық ақпарат еліміздің экономикалық дамуына ықпал етуде», – деп ойын ортаға салды. Жиын барысында өзге елдерден келген ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелеуші органның өкілдері өздерінің жұмыстары жайында әңгімелеп, іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Алқалы жины жайындағы кеңейтілген материалды алдағы уақытта оқып таныса аласызхдар.
Нұрлан Жұмахан

«ҰҒТАО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі жетекшісі
Вьетнам, Ханой қаласы

2382
Қатысушылар
Қатысу