Әлемдегі ғылым

Антибиотиктерге көмекке келетін бактериофагтар

05.09.2022

1300

Ғалымдар белгілі антибиотиктердің барлық дерлік түрлеріне төзімді инфекциялар санының өсуіне алаңдаулы. Бұл АҚШ-та жыл сайын 35 000-нан астам өлімге әкеледі.

Бактериофаг терапиясы бұл тұрғыда инфекцияларға төтеп беретін тәсіл болмақ.
Мысалы, Калифорния университетінің Сан-Диего Медицина мектебі мен Питтсбург университетінің зерттеушілері ағзасы антибиотиктерге де бой бермеген науқастарды бактериофагтармен емдеудің нәтижелерін ұсынды.

Бактериофаг-вирустар ХХ ғасырдың басынан белгілі. Бактериялардың антибиотиктерге төзімді штаммдарының көбеюіне байланысты бактериофагтармен емдеу өзекті бола бастады.

Ғалымдардың айтуынша, бактериофагтардың ерекшеліктері – антибиотиктерге төзімді бактерияларды жоюға қабілетті; микрофлораның тепе-теңдігін бұзбай, адам және жануарлар ағзасының тіндеріне еркін енеді; кері әсері жоқ, көптеген препараттармен біріктірілген; иммуностимуляциялық әсерге ие.

Бұндай емдеу тәсілі, әсіресе муковисцидозы немесе өкпе бронхтарын - мүшелерге оттегі мен басқа газдарды тасымалдайтын түтіктер желісін зақымдайтын немесе бұзатын және туберкулезді емес микобактерияларды жұқтыру ықтималдығы жоғары басқа созылмалы аурулары бар науқастар үшін пайдалы.

Ғалымдар бірнеше адамға бактериофагтар арқылы емдеу бойынша зерттеулер жүргізіп, нәтижелерін көрсеткен. Сондықтан дәл осы бактериофагтар жұқпалы аурулармен күресуде адамзатқа көмектесуі мүмкін деп отыр.

https://academic.oup.com/cid/advance-article/doi/10.1093/cid/ciac453/6604409?login=false

«« | »»
Соңғы жаңалықтар