Әлемдегі ғылым

Адам тістерінен сүтті жануарлардың қай кезде қолданылғанын анықтады

02.05.2022

306

Шетелдік бір топ ғалым 9-3,5 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың тас болып қалған тістерін зерттеп, олардың сүтті ірі қара малын қай жылдары өсіргенін анықтады. Бұл туралы Nature Ecology & Evolution журналы жазады.

Еуропа, Азия және Африка тұрғындары мал шаруашылығымен шамамен 9-3,5 мың жыл бұрын айналыса бастаған көрінеді. Үй жануарлары адамдарды киім-кешек пен құрал-сайман жасауға қажетті материалмен, тамақпен қамтамасыз етті. Археологиялық және археологиялық деректер мал шаруашылығының Қара теңіз жағалауынан шығысқа қарай Каспий теңізінің жағалауына дейін созылып жатқан Понти-Каспий даласына біртіндеп тарағанын көрсетеді.

Ғалымдар тобы Понти-Каспий даласы мен көршілес Оңтүстік және Солтүстік Кавказ, Ока-Еділ-Дон және Шығыс Орал аймақтарында 9-3,5 мың жыл бұрын өмір сүрген 45 адамның тістерінде сақталған протеомды (белоктар жиынтығы) зерттеді. Сүт өнімдерін пайдаланған адамның тісінде ақуыздар сақталып қалатын болғандықтан, ғалымдарға бұл зерттеу аса үлкен қиындық туғызбаған көрінеді. Тіпті ол ешкінің сүтін ішті ме әлде сиырдікін бе тез анықтаған.

Талдау нәтижелері Солтүстік Кавказдың тау етегі мен далалық аймағында сүтті мал шаруашылығының 7 мың жыл бұрын болғанын көрсетті. Бір қызығы, сол кезеңде өмір сүрген адамның тістерінен қой сүтін ішкені анықталған. Сонымен бірге, мал ет үшін сойылып, салт-дәстүр бойынша құрбандық шалу мен тасымалдауға тартылған мал ретінде пайдаланылғаны дәлелденген.
Шамамен 4-5 мың жыл бұрын малшылардың ешкі мен сиырды асырағаны белгілі болған.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар