Қазақстан ғылымы

Министр Де Монтфорт университетінің өкілдерімен кездесті

19.10.2022

1032



ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Де Монтфорт университеті өкілдерімен кездесті.


Басқосуда Де Монтфорт Лестер университетінің ректоры, профессор Кэти Нормингтон жоғары оқу орнының стратегиялық дамуы, сондай-ақ Де Монтфорт Қазақстан университетінің инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салу жоспарлары туралы айтты.


Министр Саясат Нұрбек кадр даярлау бағытын магистрлік және докторлық бағдарламаларды, әсіресе инженерлік мамандықтар, өмір туралы ғылым, биотехнология бойынша енгізу жағына қарай кеңейту жөнінде ұсыныс жасады.


Сонымен қатар тараптар шетелдік студенттердің үлесін арттыру мәселелерін талқылады.


Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігіне ғылымды дамыту мәселесіне байланысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Оның ішінде:


Бірінші, Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз ету;

Екінші, жас таланттарды іздеу және оларды ғылымға тарту механизмдерін пысықтауды, зерттеу әлеуеті жоғары ғалымдардың жаңа буынының ақпараттық базасын жасау.


Үшінші, Ғылым қорының экономикалық тиімділігін арттыруға, ғылыми зерттеулерді капиталдандыруға, олардың инвестициялық тартымдылығын, барлық кезеңдегі ашықтығын арттыруға баса мән бере отырып, оның ребрендингін қамтамасыз ету.


Төртінші, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жобасына ғылымды қажет ететін өндірістерді, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруда ғылымның үлесі бойынша бөлімді қосып, оның нақты индикаторларын белгілеуді қамтамасыз ету.


Бесінші, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктерімен бірлесіп, ғылыми-техникалық кеңестер құруды және жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруының орталықтандырылған механизмін енгізуді қамтамасыз ету.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар