Қазақстан ғылымы

3D принтерде үй салуға арналған отандық полимер түтікшесі

12.11.2021

167

Жану проблемалары институтының жетекші ғылыми қызметкері Шыңғыс Дауылбаев үй салудың оңай жолына қажет түтікшені ұсынады. Яғни, 3D принтерде қолданылатын полимер түтікшені бетонға қосу арқылы үй тұрғызуға болады дейді. Бұл туралы іргелі басылым «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында (https://egemen.kz/article/296094-3d-printermen-uy-salyp-tisti-tez-tuzemek) жазады.

Ғалымның айтуынша, бұл әдісте қазіргі тұрмыста қолданылып жүрген бетон жарамсыз. Оған 10 минут ішінде қатып үлгеретін, құрамы бөлек бетон қажет. Әрине, көрші елі – Қытайда үйді жылдам салудың бұл түрі әлдеқайда жасалып қойған. Дегенмен, оның құпияларымен бөліспегендіктен, ғалымдарымыз 3D принтеріне қажет бетонды өз бетінше зерттеп, нәтижесінде полимер түтікшеге қол жеткізген.

Иә, бұл сияқты түтікшені басқа ел жасамады деп айтуға болмайды, бірақ олардың осыған ұқсас өнімдері отандық өнімнен әлдеқайда қымбатқа түседі екен. Сол себепті бұны отандық өнім деуге толық құқымыз бар деп отыр Шыңғыс Дауылбаев.

Әзірге күніне 10 грамм ғана полимер түтікше алынатын көрінеді. Алдағы мақсаты – күніне 1 килограммға жеткізу. Себебі, 1 килограмм түтікше 1 тонна бетонның беріктігін еселей түсетін көрінеді.

Жас ғалым Ұлыбританияда өзге елдің ғалымдары жоғары бағалаған ұстазы Ерхан Әлиевтің полимерден түтікше алу жобасын жалғастырғанын айтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шыңғыс Дауылбаев бастаған ғалымдар тобының стоматологияда кеңінен қолданылатын материал жасап шығарғанын да жазған болатынбыз (https://nauka.kz/page.php?page_id=1009&lang=2&news_id=9056&new).



«« | »»
Соңғы жаңалықтар