Қазақстан ғылымы

Жаңа өнім биологиялық қалдықтарды өңдеу арқылы алынады

29.10.2021

2113

Жану проблемалары институтының ғалымдары қазірг медицинада кеңінен қолданылып жүрген биологиялық жағынан үйлесімді кальций гидроксиапатитін дайындаудың инновациялық технологиясын жасап шығарды, деп жазады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Еліміздегі стамотология саласына қажетті бұл өнім шетелден сатып алынады. Енді мамандарымыз шығарған отандық өнім қаржылық әрі географиялық жағынан медициналық салада тиімді болмақ.
Аталған ҒЗИ-ның жетекші ғылыми қызметкері Шыңғыс Дауылбаевтың айтуынша, жаңа өнім заманауи хирургиялық стоматологияда, бет-жақ хирургиясында, косметологияда қолданылатын болады. Сондай-ақ, фармакологияда және металл имплантанттарына жабын ретінде пайдаланылады. Ол импортты алмастыруға бағытталған. Жаңа технологияның басқаларынан ерекшелігі сол, кальций гидроксиапатиті биологиялық қалдықтарды өңдеу арқылы алынады.
Ғалымдар отандық стоматологиялық нарықтың қажеттілігі үшін өнеркәсіптік үлгілерді шығаруды жоспарлап отыр. Жобаның практикалық және коммерциялық маңызы зор деп сендіреді.

«Биологиялық қалдықтың материалын пайдалану стоматологиялық қызметтердің құнын айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Мысалы, біздің материал бойынша арнайы пленкалар шығарылады. Бұл пленкалар дәрілік препараттармен байытылып, тіс ауруы немесе қабыну орнында препаратты қолданудың жеңіл нұсқасына айналады. Адам ағзасы бұл материалдан бас тартпайды, өйткені биоүйлесімділік әсері бар», – дейді Шыңғыс Дауылбаев.



«« | »»
Соңғы жаңалықтар