Қазақстан ғылымы

«QAZVAC» «ДЕЛЬТА»-ны жеңді

23.09.2021

2279

ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары «QazVac» вакцинасының «дельта» штаммынан тиімді қорғайтынын анықтады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Бейтараптандыру реакциясына жүргізілген сынақта антиденелердің жоғары деңгейі оған қатысқан еріктілердің 90%-да байқалған.
Аталған ғылыми зерттеу институтының басшысы Күнсұлу Закарья бұған дейін лабораториялық жануарларға жасалғанын, оң нәтиже бергенін айтып кеткен болатын.

Күнсұлу Закарья:
– Біз QazVac вакцинасы құрған антиденелердің «ухань», «британдық альфа», «үнділік дельта» сияқты коронавирустың жаңа штамдарын бейтараптандыру қабілетін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздік. Нәтижелер вакцинациядан кейінгі антиденелердің иммунитетті қалыптастыратынын және вирустың үш түрін де бейтараптандыруға қабілетті екенін көрсетті. Сондай-ақ біз зертханалық жануарларға тәжірибелер жүргіздік: «QazVac» вакцинасын алған және вакцинацияланбаған зертханалық хомяктарды алдық. Біраз уақыттан кейін оларға дельта штаммын жұқтырдық. Нәтижесінде вакцинацияланбаған хомяктар коронавирустың дельта штаммын жұқтырды. Ал «QazVac» вакцинасымен егілген жануарлар ауырмай, «дельта» вирусының штаммынан қорғалған болып шықты.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар