EXPO-2017

Жамбас буынына арналған эндопротез жасаудың инновациялық әдісі жасалды

04.05.2018

6109

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының профессоры, м.ғ.д. Ш.Ә. Баймағамбетов жамбас буынының эндопротезін цементсіз бекіту құрылымын қолдануды клиника-биомеханикалық негіздеу жолын ұсынды.
Зерттеуге жаңа компоненттерді (ұршық және жамбас) қолдана отырып емдеу нәтижесін салыстырмалы түрде талдаған жамбас буынының эндопротезі жасалған 255 науқас қатысты. Осылайша цементсіз жамбас буынының эндопротезі жасалды. Эндопротездің тостағанының ерекшелігі – ортадан шетке қарай шашыраңқы шиыршықтың бар болуы.
Зерттелген топтың Харрис бойынша балы 91 (+,-) 1,1, ал бақылаушы топта - 83 (+,-) 1,5 балл. Ұршықтық компоненттерді пайдаланған кезде Харрис бойынша зерттелген топтың балы 90 (+,-) 1,3, бақылаушы топтың балы - 87 (+,-) 1,2. Жарақаттың асқыну жиілігі 2 есе төмендеді.
Жоба барысында 19 мақала жарық көрсе, оның 8-і шетелдік басылымдарда жарияланды, ал қорғалған құжат саны -4 (ҚР патенті).
Зерттеу нәтижесі Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ортопедия бөлімшесінде, Қарағанды қаласындағы Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығында, №4 Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында, Атырау қаласындағы «МедикерЖайык» ЖШС-да, Бішкек қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығында, Минден қаласындағы Ганновер университетінің клиникасында енгізілді.
Жамбас компоненттерін қолдана отырып жасалған жамбас буынының эндопротезі жамбас буынының жалпы жағдайын жақсартады және қазіргі балаламаларынан анатомия-функционалдық жағынан ерекшеленеді. Отадан кейінгі асқынулардың жиілігі 2 есе төмендеді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар