EXPO-2017

Талшықты қалдықтардан пневмомеханикалық иірілген жіптерді алудың жаңа технологиясы жасалды

05.05.2018

6919

М.О.Әуезов атындағы Оңтүсік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Ж.Ү. Мырхалықов қалпына түскен мақта жіпті қолдану арқылы пневмомеханикалық иірілген жіптің сапасын арттыру технологиясын ғылыми негіздеп, әзірледі.
Физика-механикалық көрсеткіштері стандартты көрсеткіштермен тура келетін, сызықтық тығыздығы 29, 50 және 74 текс болатын пневмомеханикалық иірілген жіптердің үлгілерін алатын SHANDONGSHUNXING МАCHINERYCO. LTD регенераторында және өндіріс жағдайында иірілген топтамалы талшықты қалдықтарды тазалау бойынша экспериментті зерттеу жасалды.
Зерттеу бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 19 мақала жарық көрген, оның 17-сі шетелдік басылымдарда шыққан және қорғалған құжат саны – 3 авторлық куәлік – 1.
Қалпына түсетін талшықтан иірілген жіп алу өнеркәсіптік жағдайда South Textiline KZ ЖШС-да жүзеге асырылды және өнімнің алғашқы партиясы алынды.
Арзан шикізат көзі жіп иіру өнеркәсібінің тікелей қалдықтарынан пневмомеханикалық иірілген жіптерді алудың жаңа технологиясы қалпына түсетін талшықтардың жоғары тығыздылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді және бұл өз кезегінде пневмомеханикалық иіру тәсілінің тиімділігін арттырады. Бұл технология арқылы қалдықтар азайып, экономикалық, экологиялық мәселелерді шеше отырып жіп иіру өндірісінде арзан шикізаттан сапасы жоғары өнім алуға болады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар