«Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты бойынша ҰҒК төрағасы Мақсат Қалимолдаевтың қатысуымен тікелей эфир өтеді
Бүгін, яғни 29 қаңтар күні сағат 19:00-де «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты бойынша ҰҒК төрағасы Мақсат Қалимолдаевтың қатысуымен 2018-2020 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру шеңберінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы тікелей эфир өтеді.
Тікелей эфир барысында сұрақтар мен пікірлерлеріңізді Орталықтың фейсбук парақшасындағы пост астына қалдыруларыңызға болады.