Өзектi

Барланған кен орындарындағы қалған қорларды анықтау жұмыстарын жүргізілді

26.01.2018

4851

«Нефть» ғылыми-инженерлік орталығы бұрын барланған кен орындарындағы қалған қорларды анықтау жұмыстарын жүргізді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі. Жоба жетекшісі академик, х.ғ.д. Н.К. Нәдіров.
Жоба бойынша еліміздегі дәстүрлі емес көмірсутек шикізаты: тұтқырлығы жоғары мұнай, табиғи таушайыр мен жанғыш тақтатастардың барланған кен орындары зерттелді. Танымал кен орындарындағы дәстүрлі емес көміртек шикізаттарының негізгі түрлері мен бөлек тұрған кен орындарын анықтаудың негізгі көрсеткіштері қолданылды және жетілдірілді. Сонымен қатар еліміздің масштабындағы тұтқырлығы жоғары мұнай, табиғи таушайыр мен жанғыш тақтатастарды көрсету және кен орындарының тізімі құрастырылды. Көміртек шикізаттарының баламалы көздерінің ресурстық базасын дамыту мүнкіндіктеріне аймақтық баға берілді және ресурстардың бар-жоқтығы нақтыланды. Жоба бойынша 6 ғылыми мақала жарық көрген.
Ерекше ғылыми жоба сәтті қабылданды және сарапшылардың шешімімен ғылыми жаңалық деп танылды.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар