Әлемдегі ғылым

Бетонның жаңа нұсқасы пайда болды

25.03.2023

827



Ғалымдар құрылыс саласының басты материалы бетонның баламасын ойлап тапты. АҚШ инженерлері ұсынған бетонның түрі өзінің электр зарядын жасай алатын жеңіл әрі көп функционалды өнім. 

Питтсбург университетінің мамандары жасаған метаматериал электр өткізгіш цемент қоспасымен қапталған арматураланған полимерлі тордан тұрады. Графит ұнтағы араласатын бетон электродқа айналады да механикалық триггер қабаттар арасында түйіспелі электрлендіру жүреді. Ол энергия электр желісіне беруге жеткіліксіз, бірақ оның көмегімен бетон құрылымындағы жарықтардың пайда болуын бақылауға әбден болады. 

Метаматериалдың өзі оның икемділігін, пішінін және сынғыштығын өзгерте отырып, әртүрлі құрылыс тапсырмаларына бейімделуі мүмкін. Ол құрылымдық тұтастыққа нұқсан келтірместен сынақ көлемінің 15%-ға төмендеуіне төтеп берді. 

Жеңіл, өзгермелі бетон негізіндегі метаматериалды әуежайдың ұшу-қону жолақтары немесе сейсмикалық соққылардан қорғайтын конструкциялар үшін амортизациялық материал ретінде пайдалануға болады.  Сондай-ақ,  роботты көліктердің электронды құрылғылары зарядталатын автотрассаларға негіз бола алады деп отыр ғалымдар. 

Деректер және сурет https://interestingengineering.com/ сайтынан алынды. 
«« | »»
Соңғы жаңалықтар