Әлемдегі ғылым

Ғалымдар әйнекті жартылай өткізгішке айналдырды

29.01.2024

336



Швейцария мен Жапония ғалымдары лазер сәулесінің астындағы теллурит шыны атомдарының әрекетін зерттей отырып, шыныға жарық түскен жерде теллур мен теллур оксидінің кристалдарының, электр тогын шығаруға қабілетті жартылай өткізгіш материалдардың түзілетінін байқаған. Олар бұл жаңалықтың күндердің күнінде өмірге пайдасын тигізетініне сенімді. Мысалы,  қарапайым терезелер күн энергиясын өндіріп қана қоймай, сонымен бірге деректерді жинауы мүмкін.  

École Polytechnique Fédérale de Lausanne зерттеушілері теллурит әйнегін ультра қысқа фемтосекундтық лазерлік импульстарға ұшырату бойынша зерттеулер жүргізген. Белгілі болғандай, мұндай әсер теллур мен теллур оксидінің нано өлшемді кристалдарының түзілуіне әкеледі. Бұл жартылай өткізгіш материалдар шыныға лазер сәулесінің дәл тиген жерінде белгіленіп түскен. Сондықтан ғалымдар бұл технологияны күн энергиясын өндіруге қолдануға болатынын айтады. 

Жоба жетекшісі Ив Беллуар теллур жартылай өткізгіш болғандықтан, жарыққа үзіліссіз әсер еткенде электр зарядын тудыратын теллурит шынысының бетіне ұзақ уақытқа созылатын үлгілерді қолдану мүмкін екенін айтады. 
Сонымен қатар, бұл процесс ешқандай қосымша материалдарды қажет етпейді. Белсенді фотоөткізгіш материалды алу үшін теллуритті шыны және ультра қысқа импульстік лазер қажет.  

Әдістің сынақтары фемтосекундтық лазерлік импульстармен бомбалаудан кейін диаметрі 1 см болатын шыны беті ультракүлгін және көрінетін сәулелену әсерінен электр тогын шығару мүмкіндігіне ие болғанын көрсетті. Процесс бірнеше ай бойы тұрақты болды. 

Әзірге электр қуатын өндіріп, мөлдірлікті өзгертетін смарт терезелер тек зертханалық прототиптер түрінде ғана бар, бірақ болашақта олар ғимараттар мен көліктердегі қарапайым әйнекті алмастыра алады. Қытайдан келген ғалымдар тобы никель-кобальт оксидінен және мырышқа бай сульфидті минерал керстериттің жұқа қабығынан гибридті электрохимиялық терезе жасады. Алынған прототип тамаша электрохимиялық және электрохромдық нәтижелер көрсетті. 

https://hightech.plus/2024/01/29/uchenie-prevratili-steklo-v-poluprovodnik


«« | »»
Соңғы жаңалықтар