Әлемдегі ғылым

Ковид пен гепатит байланысы қауіп тудыруда

21.06.2022

1712


Дүние жүзі бойынша 650 бала жұқтырған гепатиттің белгісіз түрі ағзаға бір мезгілде түскен SARS-CoV-2 коронавирусы мен 41 типті аденовирустардың нәтижесі болуы мүмкін дейді ғалымдар. Олар Бельгияның Левен қаласында жаңа аурудың ошағын зерттей отырып, осындай қорытындыға келді.


Ағзаға қатар енетін екі инфекция синергетикалық әсер беріп, бауырды бұзуы мүмкін деп отыр мамандар. Бұл мәселе бойынша ресейлік мамандардың пікірлері екіге жарылды. Бірі осы пікірді қолдаса, екншісі жай ғана сәйкестік деп қарайды.


Бельгиялық ғалымдар соңғы бір жарым жыл ішінде 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерден 65 кәріз және 158 ауа сынамасын алып, вирустардың концентрациясына зерттеді.

Нәтижесінде 5 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, аденовирус 41 және SARS-CoV-2 вирусының көбеюімен қатар шыққан белгісіз гепатит те аздап өскенін көрсеткен.


Материал https://iz.ru/1351502/denis-gritcenko/opasnaia-para-uchenye-podtverdili-sviaz-mezhdu-gepatitom-u-detei-i-sovid деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар