Әлемдегі ғылым

Темір-бетон құрылыстарын кәдеге жарату бойынша әзірлемелер

12.07.2023

651



С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары темірбетонды кәдеге жарату және қайта өңдеу тиімділігін арттыру үшін оның жарылуының электр разрядтық әдісінің физикалық-техникалық негіздерін зерттеуде.  

Ескірген ғимараттар мен құрылыстарды пайдаланудан шығару, сондай-ақ оларды жөндеу, демонтаждау кезінде берік және ауыр бетоннан және темірбетоннан жасалған конструкцияларды және олардан қалатын қалдықтарды кәдеге жарату өткір мәселелердің бірі болып отыр. 

Қайта өңдеу мәселесі өткен ғасырдың 60-жылдарындағы салынған Қазақстанның, әсіресе Ақмола облысының тұрғын үй-өнеркәсіп кешенінің объектілері үшін маңызды.  

Бұл нысандардағы негізгі құрылыс материалы болып отырған темірбетондардың ресурсы біткен. Сондықтан, қазіргі уақытта құрылыс қалдықтарын жоюдың бірден-бір жолы – полигонға апару. Экологиялық және экономикалық тұрғыдан алғанда мұндай тәсілді тиімді деп атауға келмейді.  

Қазақстандық ғалымдар темірбетонды кәдеге жарату және оны өңдеу тиімділігін арттыру үшін, ғимараттар мен құрылыстарды демонтаждау және жөндеуде энергияны үнемдейтін экологиялық тұрғыдан қауіпсіз технологияларды енгізу арқылы техногендік қалдықтардың көлемін барынша азайтып, экологиялық ауыртпалықты төмендету үшін оны бұзудың электр-разрядтық әдісінің физикалық-техникалық негіздерін жасауда.  

Жобаның нәтижелері болат арматура мен бетон тасты қайта өңдеу мүмкіндігімен ірі габаритті темірбетон бұйымдарын бұзуға арналған жылжымалы қондырғының техникалық ұсынысы мен эскизінің жобасын дайындау үшін пайдаланылады. 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін экономиканың нақты секторында пайдалану мүмкіндігін айтар болсақ, болат арматура мен бетон тасты қайта өңдеу мүмкіндігімен ірі габаритті темірбетон бұйымдарын кәдеге жарату, габаритті және құрылысты жоюға байланысты ұсынымдар жасалмақшы. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар