Фото NASA
NASA-ның Perseverance марсоходы ерекше жаңалық – ғалымдар Йеллоустоун ұлттық саябағындағы шыңның атымен «Бунсен шыңы» деп атаған ерекше тау жынысын ашты.
«Бұл жартас қызықты болды, өйткені ол айналадағы жергілікті жерден көтеріледі және оның сол жағында қызықты беттік құрылымы бар», – деп түсіндірді NASA.
«Суреттегі жартастың тағы бір ерекшелігі марсаход алдындағы тік жиегі болды. Тік қыры зерттеу тобын бірнеше себептерге байланысты қызықтырады: біріншіден, тау жынысының тік қыры тау жынысында пайда болуы мүмкін кез келген химиялық немесе физикалық қабаттардың көлденең қимасын қамтамасыз ете алады. Екіншіден, тік бетін әдетте шаң көп баса бермейді, бұл біздің ғылыми аспаптарымыз үшін жақсы жаңалық!», – деп атап өтті NASA.
11 наурызда марсоходтың бұрғысының көмегімен талдау жасауға 1,7 х 1 метр өлшемді тау жыныстарының үлгісі алынды. Ғалымдар бұл тау жынысының үлгісі «таза дерлік» кремний диоксидімен біріктірілген 75% карбонатты дәндер екенін анықтады.
Үлгінің бұл сипаттамалары оны ежелгі Марс көлінің бөлігі деп санауға болатындығын көрсетеді. Сондықтан Марста өмірдің бар екендігі туралы болжамдар тағы да расталды.
«Дәл осы тасты біз марсоходты Йезеро кратеріне жіберген кезде табамыз деп үміттенген болатынбыз. Біз талдау жасаған тау жынысындағы минералдардың барлығы дерлік судың әсерінен жаратылған. Жерде суда тұндырылған минералдардың барлығы дерлік көбінесе ежелгі органикалық материал мен басқа да биологиялық белгілерді сақтап қалады. Бұл жартастар Марстың планетада болған климаттық жағдайлары туралы да айта алады», – дейді Perseverance жобасының ғалымы Кен Фарли.
Perseverance марсоходы бұдан да ескі тау жыныстары болуы мүмкін «Жарқын періште» деп аталатын аймаққа бет алып, Езеро кратері бойымен үлгілерді жинауды жалғастырады.
Perseverance-тың Марстағы миссиясының негізгі мақсаты – астробиология, соның ішінде ежелгі микробтық тіршілік белгілері болуы мүмкін үлгілерді іздеу. Марсоход планетаның геологиясы мен бұрынғы климатын бағалайды, Қызыл ғаламшарды адамның зерттеуіне жол ашады және Марс тастары мен реголиттерін жинап, сақтаудың алғашқы миссиясы болады.
NASA-ның келесі миссиялары Еуропалық ғарыш агенттігімен бірлесіп, жер бетінен мөрленген үлгілерді жинау және оны терең талдау мақсатында оларды Жерге қайтару үшін Марсқа ғарыш аппараттарын жібереді.
https://mars.nasa.gov/news/9572/rock-sampled-by-nasas-perseverance-embodies-why-rover-came-to-mars/