Қазақстан ғылымы

Қазіргі травматология мен ортопедиядағы биомедициналық аз инвазивті тәсілдер

04.11.2024

359



Фотода – науқас К., 33 жаста, шынтақ сүйегінің репаративті регенерациясы бұзылған. а) операция алдында білек сүйектерінің рентгенографиясы; б) операциядан кейінгі білек сүйегінің рентгенографиясы

Академик Н. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының ғалымдары аяқ-қолдың ұзын түтікшелі сүйектерінің сүйек тінінің репаративті регенерациясының бұзылыстары бар науқастарды инъекциялық биокомпозиттік материалды қолдану арқылы емдеудің инновациялық биомедициналық технологиясын әзірлеп, клиникалық тәжірибеге енгізуде.. 

Қазіргі уақытта ұзын түтікшелі сүйектердің репаративті сүйек тінінің регенерациясының бұзылыстарын емдеу проблемасы бүгінгі травматология мен ортопедияның өзекті мәселесі болып қала бермек. 

Сүйек тінінің жарақаттан кейін күрделі және биологиялық қатаң реттелетін процестер арқылы қалпына келу қабілеті жоғары. Кейбір жағдайларда, мысалы, сүйектің кең резекциясы, онкологиялық процестер, остеопороз, остеомаляция, остеомиелит, аваскулярлық некроз және атрофиялық бітіспеу салдарынан сүйек регенерациясының бұзылуы мүмкін.   

Ұзын түтікшелі сүйектердің псевдартрозын хирургиялық емдеудің қолданыстағы әдістері ашық хирургиялық әдістерді қолдану жұмсақ тіндердің, зақымдалған аяқ-қолдың қан тамырларының және асқыну мүмкін  деген қосымша жарақаттарымен байланысты болғандықтан, сүйек құрылымдарының қалпына келтіру қабілетінің мәселесін әлі шешкен жоқ. Бұл олардың кемшілігі болып отыр. 

Ұлттық биотехнология орталығы зертханасында адамның сүйек қабығының мезенхималық дің жасушаларының бастапқы өсіндісі алынып, сипатталды. Карбодимидті химиялық әдісті қолдану арқылы инъекциялық биокомпозиттік материалды (ИБМ) жасау үшін пайдаланылған гепаринмен конъюгацияланған фибриноген алынды. 

Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының 2-ортопедия бөлімшесінде биокомпозиттік материалды имплантациялау арқылы аз инвазивті әдісімен 2020-2022 жылдар аралығында аяқ-қолдың ұзын түтікшелі сүйектерінің сүйек тінінің консолидацияланбау белгілері бар 30 науқасқа операция жасалды.  

Алынған нәтижелердің клиникалық және рентгенологиялық көрсеткіштерін талдау нәтижесінде жалған буындар мен ұзын түтікшелі сүйектердің бітпеген сынықтарын емдеудің минималды инвазивті әдістерін енгізу қажет екендігі атап өтілді. Бұл әдіс травматология мен ортопедияда көрсетілетін медициналық қызметтердің деңгейін едәуір арттыруға, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға және мүгедектік бойынша әлеуметтік төлемдерге мемлекет шығындарын азайтуға мүмкіндік жасап отыр.  

Сүйек тінінің репаративті регенерациясының бұзылыстарын емдеуде жасушалық технологияларды дамытуда сүйектің қайта қалпына келуін жақсарту үшін сүйек тінінің ақауларын ауыстырудың баламалы әдістерін енгізу шешуші рөл атқарды. 

Қазіргі заманғы пластикалық материалдар in vitro және in vivo сияқты зерттеулерде зерттеліп, биоүйлесімділік пен биомеханикалық қасиеттері бойынша перспективалы нәтижелер көрсетті. 

Сонымен қатар, сүйекті қалпына келтіретін имплантанттар сүйек тұндыруын және минералдануын жеңілдету үшін өзара әрекеттесе алатын дәрілермен, өсу факторларымен және мезенхималық дің жасушаларымен үйлескенде перспективалы нәтижелер көрсетті. 

Сонымен қатар, сүйекті қалпына келтіретін имплантанттар сүйек тіндерінің түзілуін және минералдануын жеңілдету үшін өзара әрекеттесе алатын дәрілермен, өсу факторларымен және мезенхималық дің жасушаларымен үйлескенде үлкен нәтижелер көрсетті. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар