Әлемдегі ғылым

Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы болды

18.05.2023

623



Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, салалық ұйымдар, жоғары оқу орындары басшыларының және Парламент депутаттарының қатысуымен Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді. 

Оған ҰМҒТСО АҚ атынан басқарма төрағасы Арман Қашқынбеков те қатысты. 

ЖҒТК жұмысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау; бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2023-2025 және 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды; 2023-2025 жылдарға арналған іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқыланды. 

Сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру жоспарлары қаралды. 

https://primeminister.kz/kz/news/ukimette-zhogary-gylymi-tekhnikalyk-komissiyanyn-otyrysy-otti-24119


«« | »»
Соңғы жаңалықтар