Әлемдегі ғылым

Ғалымдар ежелгі тіс қалдықтарының молекулаларын зерттеді

11.05.2023

580



Америкалық ғалымдар жаңа зерттеулерінде ғалымдар адам және неандерталдықтың тістерінен алынған ежелгі бактериялық геномдарды қалпына келтіріп, палеофурандар деп аталатын бұрын белгісіз метаболиттерді анықтап, ерте гоминдердің денсаулығы мен тамақтануы туралы құнды ақпарат берді. 

Ғалымдар Еуропа мен Африкада 100 000 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін өмір сүрген 12 неандертальдық, 34 ежелгі гомо сапиенс және 18 заманауи адамның тіс тастарынан алынған ДНҚ-ға талдау жасады. Бұл оларға ауыз қуысының микробиомасының дамуы туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді. Яғни, адамның аузында өмір сүретін және тіс тасында сақталған жүздеген микроскопиялық организмдер түрлерін зерттеді.  

Зерттеу барысында жеті үлгіде табылған Chlorobium деп аталатын бактериялардың екі түріне назар аударды. Бұрын белгісіз болған бактерияның бұл түрі үңгірлер маңындағы су көздерінде кездесетін C. limicola бактериясына генетикалық тұрғыдан жақын, дейді мамандар. Ғалымдар үңгірлермен байланысты орталарда өмір сүретін адамдар ауыз суында бактерияларды жұқтырған болуы мүмкін деп түсіндіреді. 

Бір қызығы, бұл хлоробий түрлері соңғы 10 000 жылда өмір сүрген адамдардың тіс тастарында мүлдем болмаған. Хлоробийдің таралу жиілігінің өзгеруі адамның ата-бабаларының өмір салтының өзгеруімен бірге болған сияқты деген пікірде зерттеушілер. 

https://tengrinews.kz/curious/bakterii-zubov-neandertaltsev-mogut-pomoch-sozdanii-novyih-499024/

«« | »»
Соңғы жаңалықтар