Әлемдегі ғылым

Ғылыми-тәжірибиелік конференция "Дала академигіне" арналды

01.11.2021

2106

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибиелік конференциясы ұйымдастырылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы хат жолдап, еліміздің мал шаруашылығын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан танымал тұлғаға лайықты құрмет көрсетіліп, барынша дәріптеліп жатқанын құптап, мұндай шаралар әсіресе, жас буынды ата кәсіпке адал болуға үндеп, өнімді еңбек етуге жігерлендіретіндігін атап өткен.

Жазылбек Қуанышбаев елімізде алғаш рет қаракөл қойын өсіруді қолға алған. 1940 жылдары осы мал басын өсіріп, оны асылдандыру, өнімділігін арттыру жолында аянбай еңбек еткен жан. Тіпті Ұлы Отан соғысы кезінде де өз ісін жалғастырып, жетістіктерімен көзге түскен. Жүз саулықтан 140-145-ке дейін қозы алып, әрбір қойдан 4 келіге дейін жүн қырқыпты, ондаған мың қой мен қозы өріп, қыруар елтірі мен жүн, ет өндірілген. Сол себепті де ел ішінде «Дала академигі» атанған екен.

Бері келсек, Жамбыл облысында 2014-2020 жылдар аралығында «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 210,0 мың бас қой сатып алынса, соңғы бес жылда 3,9 мың тонна қой еті экспортталған.

Қазіргі таңда облыста қаракөл қой шаруашылығын дамыту мақсатында 3 қаракөл қой шаруашылығына бейімделген қожалық ұйымдастырылды. Осы саладағы жетекші ғалымдармен бірге қойды қолдан ұрықтандыру технологиясы пайдаланылуда.

Өңірдегі мал саны 4,0 миллион басты құрап, 4,5 пайызға артқан. Ұсақ мал басы 3,7 пайызға өсіп, 3 435,5 мыңға жеткен.

Материал https://egemen.kz/ деректері бойынша дайындалды.






«« | »»
Соңғы жаңалықтар