Әлемдегі ғылым

Интерферонның COVID-19 коронавирусын емдеуге пайдасы жоқ

27.10.2021

2144

АҚШ ғалымдары интерферонның COVID-19 коронавирусын емдеуге пайдасы жоқ деп тұжырымдайды. Жүргізілген клиникалық зерттеулерде интерферон бета алған науқастардан ешқандай өзгеріс байқалмаған. Керісінше, ауыр халде жатқан адамдардың денсаулығы тіптен нашарлап кеткен.
Интерферондар – вирустар мен кейбір бактериялардың енуіне жауап ретінде организмнен бөлінетін ақуыздар. Интерферондардың өздері вируспен әрекеттеспейді, бірақ оны жұқтырып алған жасушаларға вирусты өлтіруге көмектеседі. Сонымен қатар, интерферондар иммундық жүйені жұмылдырады.

Интерферон бета-1а 1 типті интерферондарға жатады. Олар дәнекер тінінің жасушаларымен синтезделеді, оны гендік инженерия көмегімен зертханалық жағдайларда да алуға болады. Интерферон склероздың өршуінің жиілігі мен ауырлығын төмендету үшін қолданылады. Бұған дейінгі бақылауларда егде жастағы адамдардың өкпе жасушаларында интерферон бета-1а-ның жетіспейтіні анықталған.

Ғалымдар тобы оған респираторлық вирустық инфекцияларға, соның ішінде SARS-CoV-2-ге сезімталдықтың жоғарылауы себеп болуы мүмкін деп, оның орнын толтыру арқылы науқастардың ауыруының асқынуының алдын алуға болады деп ұсыныс жасаған.

Бірақ, АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институттары жанындағы Аллергия және жұқпалы аурулар институтының ғалымдары интерферон бета-1а-ны COVID-19-ға қарсы қолданып көріп, дәрігерлердің үмітінің ақталмағанын дәлелдеген. Бұл зерттеулерімен The Lancet Respiratory Medicine ғылыми журналында бөліседі.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар