EXPO-2017

Америкалық жер серігі Марсқа сәтті жетті

23.09.2014

7180

Америкалық ғылыми жер серігі Марсқа сәтті жетті, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Ғалымдар бұл зондты ғарышқа өткен жылдың қарашасында жіберген болатын. 10 айдың ішінде ол 700 миллион шақырымды жүріп өткен. Осы жерсеріктің арқасында мамандар Марстың неге сусыз және ауасыз қалғанын анықтағалы отыр. Аспан денесінің осыған дейін зерттеулері оның бір кездері жылы болғанын және өне бойынан су ағып жатқанын анықтап берді. Марс қазір құрғақ әрі суық. Ғалымдар 6 шағын қозғалтқышы мен күнмен қуаттанатын батареялары бар жер серігі қызыл ғаламшардың орбитасында бірнеше жыл жұмыс істейді деп топшылауда. Оның бастапқы миссиясы бір жылға негізделген. Егер бәрі ойдағыдай болса, алғашқы ғылыми ақпарат Жерге бірнеше айдан кейін келеді.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар