EXPO-2017

Заманауи зертханалардағы озық зерттеулер

23.09.2014

7420

2014 жылғы 17-20 қыркүйекте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қытай Халық Республикасының ejing Clean Air Bio Laboratory Engineering Co. Ltd. компаниясының және Харбин ғылыми-зерттеу институтының делегациясы болды. Делегацияны ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің 3-ші хатшысы Мяо Сюетин бастап келді.

Екі тараптың кездесуі барысында ағымдағы жылдың 15-ші шілдесінде ҚазАТУ, Шыңжаң Аграрлық Университеті және Қытай Ауылшаруашылық Ғылымдары Академиясы арасындағы қол жеткізілген Меморандум негізінде нақты жұмыстар жүргізу туралы бірқатар технологиялық жобалар туралы, оның ішінде Қазақстан - Қытай бірлескен зертханаларының жұмысын ұйымдастыру туралы сөз болды.

Кездесу барысында зертхананың тұратын орыны анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын және инфрақұрылымды дамыту туралы жұмыс барысы нақтыланды. Жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті жұмыс топтары құрылып, заманауи ғылыми құрылғылармен қамтамассыз ету барысы талқыланды. Зертхананы жабдықтау жұмыстарын ағымдағы жылы толық аяқтау туралы келісілді, ал алдағы жылы зерттеу жұмыстары басталмақ.

Бұл жұмыстар ҚазАТУдың ғалымдар тобы Харбин ғылыми зерттеу институтының ветеринария инситутында біліктілігін көтеріп қайтқан соң басталмақ. Тараптар өзара бірнеше жобаларды айқындап, белгіледі.

Бұл келіссөздер өткен жылғы қыркүйек айындағы ҚазАТУ-ға ҚХР Білім және техника министрі Вань Ган мырзаның сапары барысында қол жеткізген уағдаластық негізінде жүзеге асып отыр. Қазақстан-Қытай ветеринария зертханасы ҚазАТУ базасында жүзеге асырылатын бірқатар жаңа жобалардың бастау көзі болмақ. Аталмыш жұмыстың жемісті болуы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ғылым және білім саласындағы байланысты арттыруға, сонымен қатар ветеринария саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын екі ел ғалымдарының бірлесе атқаруы да халықаралық талаптарға сай ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік береді.

Дереккөзі: kazatu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар