Әлемдегі ғылым

30 жылдағы ғылым

19.12.2021

2296

Әрбір жылдың соңында әр саладағы атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жасалады. Міне, биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өттік. Осы уақыт ішінде отандық ғылымда қандай жетістіктерге жеттік?

Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің деректеріне сүйенсек, соңғы отыз жылда:
1. 36 306 ғылыми әзірлеме Қазақстанда өндіріске енгізуге арналған. Яғни, медицина және денсаулық сақтау – 2 183; металлургия – 1 123; химиялық технологиялар мен өнеркәсіп – 1 038; машина жасау – 689; энергетика – 453; геология – 654; электротехника – 98; электроника және радиотехника – 159.

2. 1991-2016 жылдар аралығында өнеркәсіптік меншік объектілеріне 40 мыңнан астам патент берілген: 35 001 өнертабыс; 1 782 пайдалы модель; 2 978 өнеркәсіптік үлгі; 706 селекциялық жетістік.

3. Халықаралық базада 1991 жылдан 2020 жылға дейін қазақстандық ғалымдардың 14 268 еңбегі жарияланған. Әсіресе, жаратылыстану ғылымдары (9 766), инжиниринг және технологиялар (3 917), медицина және денсаулық сақтау (1 894) және әлеуметтік ғылымдар (1 121) бойынша ең көп мақалалар жарияланды.

4. Қазақстандық ғалымдардың жыл сайын WOS негізгі үш индексінде индекстелетін журналдарда жариялаған мақалалары мен шолуларының саны 50 есе өсті (40-тан 1 998-ге дейін). Әсіресе, гуманитарлық ғылымдар (58), инжиниринг және технологиялар (65), жаратылыстану ғылымдары (70) және әлеуметтік ғылымдар (71) бойынша әлемдегі ең жоғары орындарға ие болды.

5. Қазақстандық ғалымдардың мұндай жарияланымдардың бүкіләлемдік санына қосқан үлесі 0,0069-дан 0,090%-ға дейін өсті. Ал Қазақстан ғылыми жарияланымдардың саны бойынша әлемде 109-дан 75-орынға көтерілді.

6. 1997 жылдан 2020 жылға дейін WOS бірінші квартилінің ең беделді журналдарында отандық ғалымдар жариялаған мақалалар мен шолулардың жалпы саны 3 089 құрады. Қазақстандық ғалымдар жыл сайын жариялайтын осындай журналдардағы мақалалар мен шолулардың саны 16-дан 610-ға дейін (38 есе) өсті, ал ел 116-дан 84-орынға шықты. Мұндай мақалалар мен шолулардың ең көп саны жаратылыстану ғылымдары (2 139), инжиниринг және технологиялар (1 039), медицина және денсаулық сақтау (460) бойынша жарияланды. WOS базасындағы бірінші квартильге кіретін журналдардағы мақалалар мен шолулардың үлесі WOS негізгі үш индексіндегі мақалалар мен шолулардың жалпы санынан 10,3-тен 32,7%-ға дейін өсті. Бұл жарияланымдардың сапасы мен сұранысының өсуін көрсетеді.

7. 1991 жылдан 2020 жылға дейін жарияланған және SCIE, SSCI және AHCI индекс­телген қазақстандық ғалымдардың мақалалары мен шолуларынан 153 300 дәйексөз алды. Әлемде ең көп дәйексөз келтірілгендердің 1%-ына қазақстандық ғалымдардың қатысуымен дайындалған 133 мақала мен шолу, топ 10%-ына 864 мақала мен шолу кірді.

Дерек көзі: https://egemen.kz/article/299317-otandyq-ghylymnynh-otyz-dgyly?fbclid=IwAR2WmtLAMZdop_U7vFPe3Wax4X8s8oA7hKmojW-hOfCFCRbP9RA7KIu-heo

«« | »»
Соңғы жаңалықтар