Әлемдегі ғылым

Қазақстандық вакцина шет елдерге шығарылады

16.12.2021

2319


Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Зәкария QazVac-ты ДДҰ-да тіркеу бойынша жұмыстарға америкалықтар да атсалысады деп отыр.

QazVac вакцинасын жасаған ғылыми топтың жетекшісі Швейцариядағы m3 GROUPE ірі компаниясымен келісімшарт жасасқанын жеткізді. m3 GROUPE QazVac-ты Швейцарияда, кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуге көмектеседі деп күтілуде. Келесі жылдың басынан бастап Африка және Латын Америкасы елдеріне де жеткізіледі.

Күнсұлу Зәкарияның айтуынша, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен болған америкалық үлкен делегациямен кездесу барысында QazVac-ты ДДСҰ-да тіркеу мәселесі көтерілген.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Зәкария отандық вакцинаны ресейлік вакцинамен салыстыруға болмайтынын алға тартады.
«Отандық QazVac пен «Спутник V» екпелерін бір-бірімен салыстыру қате пікір. Екеуі екі түрлі технологиямен жасалған. Бұларды салыстыруға болмайды. Біздікі инактивтелген. Яғни, оның ішінде вирус толығымен алынған. Бүкіл ақуыздар ішінде сақталған. Тек қана химиялық затпен өлтірілген. Ал «Спутник V» – векторлық вакцина. Онда белгілі бір вирустың кішкене бір бөлігін алады да, векторға салып ішке өткізеді. Мүлде ұқсамайтын екі технология», – дейді ол.

Материал https://www.inform.kz/kz/qazvac-ty-duniezhuzilik-densaulyk-saktau-uyymynda-tirkeuge-amerikalyktar-komektespek_a3875103 деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар