«Георафия мен геоэкологияның мәселелері» ғылыми журналы халықаралық ISSN 1998 – 7838 нөмері және заңды тұлғаларға арналған Қазпочтаның жазылу индексінің 24155 нөмері бар республикалық мерзімді басылым болып табылады.
Журнал 2005 жылдан бастап жылына мерзімділігі 4 рет шығады.
Құрылтайшысы және меншік иесі «Георафия институты» ЖШС және «Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг «Парасат» АҚ (Алматы қ)
Журналда географиялық ғылымның және геологияның күрделі мәселеріне, сонымен қатар теориялық, әдістемелік, сараптамалық және қолданбалы сипаттаға ғылым хабарламаларға, тақырыптық шолуларға, сын-пікірлік мақалаларға және рецензияларға, сонын ішінде редакцияға хат түріндегі библиографиялық мәліметке, ғылыми өмірдің хроникасына арналған мақалалар жарияланады.
Журналдың басты міндеті – Қазақстандағы және шетелдегі географиялық және геологиялық ғылымның теориялық және әдістемелік жетістіктерін жан-жақты баяндау, сонымен қатар оларды экономикалық және қоғамдық өмірде іс-жүзінде қолдану және басқа кең көлемдегі өзекті мәселелерді талдау болып табылады.
Журналдың редакция алқасы география және геология ғылымының әр саласынан мамандарда қосады, сонымен қатар шетелдік ғалымдардың қатысуымен кеңейтілген құрамы бар.
Мақаланың мәтіні және басқа да материалдар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін.
Журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, министрліктер мен мекемелерге, ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамына, магистранттарға, PhD докторларына, кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандарына арналған.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Қазақстан Республикасы, 050010Алматы қаласы,
Пушкин көшесімен Қабанбай батыр көшесінің қиылысы 67/99, География институты
Тел.: +7(727)291-81-29 (қабылдау)
Факс: +7(727)291-81-02
E-mail: geography.geoecology@gmail.com; ingeo_2009@mail.ru
Журнал беттеріне сілтеме: http://www.ingeo.kz