EXPO-2017

Украина баламалы энергетиканы дамытып, ресейдің газынан бас тарта ала ма?

18.10.2013

6614

Жақында Украинаның премьер-министрі Николай Азаров РИА Новости және «Россия-24» каналына ресей газын жеткізуден бас тартуға қатысты сенсациялық қауіпті мәлімдеме жасады.

Украиналық БАҚ-ның пікірінше Ресей газдық мәселені тым ұзақ және тым қатты түрткіледі. Газдық жолдарды бұзғаны соншылықты, Украинаның премьер-министрі ресейлік газдан мүлдем бас тартуды бастады. Осындай мәлімдемелерді өз шарттарын орындауға еріксіз көндіретін қолында белгілі бір құралы барлар істейді.

Біз Украинаның газ саласындағы табыстарымен тоқталмаймыз, бізді анағұрлым қызықтыратын сұрақ: көршілес мемлекеттер баламалы энергетиканы белсенді дамытып ресей газынан бас тарта ала ма?

from-ua.com хабарлағандай, соңғы кездері газ іздеуден басқа, сонымен қатар жоғарғы шенеуліктердің мүдделерін ұмытпай украинаның билігі баламалы энегетика көздерін қолдану технологияларын белсенді түрде дамытуда. 2011 жылы мемлекеттік «Ощадбанк» күн энергетикасын дамытуға €235 млн инвестиция бөлді. Украинада күн энергиясын өндірудің басты өндірушісі үш рет мемлекеттің вице-премьер лауазымын басқарған, БАҚ украиналық саясаткер Андрей Клюев мырзаның тегімен байланыстыратын Activ Solar компаниясы болып табылады.

2013 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Украинада орналастырылған күн электр станцияларының суммалық қуаттылығы ( КЭС) 51,4% өсті және 2013 жылдың 1 маусымында 494 МВт құрады. Украинаның жанар май және энергиямен баламалы түріндегі нарығы қатысушыларының Ассоциациясы күн энергетикасы саласындағы инвестиция көлемі бірінші жарты жылдықта €360 млн асып кетті. Ассосиация мәліметі бойынша бірінші жарты жылдықта пайдаланылуға жалпы қуаттылығы 167,7 МВт 12 КЭС енгізілді.

Украина Президенті 2020 жылға қарай баламалы көздерден алынған энергия мемлекеттің энергетикалық балансының 15% кем емесін құрау тапсырмасын қойды. Бірақта тәуелсіз сарапшылар аталған жоспардың шынайылығына күмәнмен қарайды.

Біз осыған ұмтылуымыз қажет, бірақта іс-жүзінде бұл осындай энергетиканың үлесін тез арада жасыл қылу үшін шынайылыққа жақындай қоймайды. Қазір бізде 1% жасыл энергия. Күн энергетикасы жеткілікті деңгейде белсенді дамып келеді, бірақ 15% дейін көбейту өте қиынға түседі. Қазіргі күні әлем бойынша баламалы энергетиканың ең жоғарғы көрсеткіші Дания және Норвегияда – жобалап алғанда 20%- «Жасыл әлем» экологиялық ассоциациясының төрағасы Алексей Ангурець.

Сонымен қатар айтарлықтай маңызды факт бар. 2012 жылы президент «Электр энергетикасы бойынша Украинаның заңына өзгерістер енгізу туралы» сенсациялық (Украинаға арналған) заң жобасына қол қойды. Егерде нақтырақ айтатын болсақ, сенсация ретінде жаңа заңның тек бір ережесі ған болды. Оған сәйкес кез-келген жер үй иесі шатырына күн иэлектр станциясын орнатып, оны жалпы электр желісіне қосып және жасыл тарифтің жеңілдіктері бойынша олардан жиналған киловатт табыс табады. Үйдегі күн электр станциясының қуаттылығы 10кВт аспауы қажет. Бірақта оның орнатылуына ешқандай лицензия қажет етілмейді.

Украиналық журналситтер аталған элеклік станцияның өтемділік мерзімін санап шықты және кепілдемелік мерзімде шағын-электр станцияларының жұмыс істеуі 25 жыл. (егерде жасыл тариф заңына өзгертулер енгізілмесе). Заң 2014 жылдың 1 қаңтарынан өз күшіне енеді. Ресеймен газ саласындағы қақтығыста ақша табамын деушілерге аз уақыт қалды. Жасыл энергетикаға сонымен қатар жел және баламалы, жанармайдың жаңартылатын түрлері жатады.

Украинада газды үнемдеу мүмкіндіктері өте үлкен екендігін айтпасқа болмас, жұмсалған жанармайдың өндірілген бірлігіне байланысты өнім мөлшері бойынша әлемдегі ең нашары болып табылады. Рас, энергетикалық үнемдеу мемлекеттің қаражатын «игерудің» ең тиімді тәсілі емес. Бірақта осы салада батыстың донорларының ақшасының есебінен бір нәрсе болуда.

Мысал ретінде Дүниежүзілік Банк жобасын алайық. 2013 жылы ДБ коммуналдық кәсіпкерліктің энергетикалық тиімділігін арттыруға 0 млн және СЭС оңалтуға 6 млн бөлді. Дүниежүзілік банк өкілдері келесі жылы Украина үшін 0 млн бастап млрд қаржыландыруды көбейтуді қарастыруда. Бұл осы салада жұмыс істеп тұрған жалғыз батыстық құрылым емес.

Егерде біріктірілген сандарды алатын болсақ, онда ресми мәліметтерге сәйкес 2012 жылдың қаңтарында-қазанында Украина газды қолдануды 10% немесе 4 млрд. 441,2 млн. куб. м қысқартты. 2015 жылға қарай билік ТКШ газ қолдануын үштен бірге қысқартпақ. 2016 жылы жалғыз Киевтің өзі газ қолдануды екі есеге қысқартуы керек. Украина билігінің болжамдарын есепке ала отырып, бұл сандарды екіге бөлуге болады, бірақ газды қолдануды азайту үрдісі болып жатыр.

Қорытынды шығара келе, энергетикалық тәуелсіздікті украина билігінің өкілдері сонау 2020 жылға қойып келеді. Ол уақытқа дейін Ресеймен арадағы келісім аяқталады. Бірақта украина шенеуліктері айтқан барлық жобалар жүзеге асырылатын болса, Николай Янович мырзаның оптимисттілігін ұстамдылық ретінде атауға болады. Осындай келешекпен Украинаның өзі Ресейге газ жеткізтетін болады. Бірақта іс-тәжірибе көрсеткендей шенеуліктердің оптимизмі сөз немесе қағаз жүзінде қалады. Күмәнсіз- Ресейден бір энергетикалық тәуелділік төмендеуде, осы кезеңде маңызды рөл атқарып тұрған европа мен американың компаниялары.

Ақпарат көзі: greenevolution.ru

«« | »»
Соңғы жаңалықтар