EXPO-2017

Канадалық делегациямен кездесу

09.10.2013

6621

2 қазанда Канадалық іскерлік бірлестік делегациясы «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ-та болды. Кездесуге Ресейдегі және Еуразиядағы Канадалық іскерлік бірлестіктің (The Canada Eurasia Russia Business Association) директорлар кеңесі төрағасы  Натан Хант, Қазақстандағы бірлестік өкілі Таскын Кошман және "SNC Lavalin" канадалық компания өкілі Абзал Раймханов қатысты.  Бірінші таныстыру кездесуі барысында бірлестік қызметінің және «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ болашақ жобаларының әр түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық келешектері қаралды.

Ресейдегі және Еуразиядағы Канадалық іскерлік бірлестіктің Мәскеуде, Торонтода, Монреалда, Калгариде офистері бар және 200-ден астам корпорациялармен-мүшелерден және әр түрлі салалардағы жеке тұлғалардан тұрады.   Канадалық іскерлік бірлестіктің негізгі міндеттері Еуразия елдері мен Канада арасындағы өзара тиімді сауда және инвестициялық қатынастарды дамыту және нығайту, үкіметтік және іскерлік құрылымдар арасындағы диалог пен  пікір және ақпарат алмасуды дамыту болып табылады.

Канада екі ЭКСПО ұйымдастырушы-ел болғанын атап өту қажет. 1967 ж. Монреаль қаласында «Адам және оның әлемі» тақырыбы бойынша Халықаралық әмбебап көрме өтті, оған 62 ел қатысып, 50 млн.астам адам болды. 1986 ж. Канада екінші рет Халықаралық көрмені өткізу еліне айналды. Ванкуверде 53 ел қатысқан «Қозғалыстағы әлем» тақыбыры бойынша Халықаралық көрме өткізілді.

Ақпарат көзі: .expo2017astana.com

«« | »»
Соңғы жаңалықтар