EXPO-2017

Жас мамандардың ғылыми жобалары ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жүзеге асады

01.10.2014

9295

Назарбаев зияткерлік мектептерінің жас ғалымдары өздерінің ғылыми жобаларын ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жүзеге асыра алатын болды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ғылыми жобалар фестивалінде айтылды.
Ғылыми байқауға еліміздің барлық өңіріндегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары қатысты. Олар Қазақстанның табиғи ресурстары, экология мен табиғаттың сақталуы және жер бетіндегі өмір деңгейінің жақсартуға бағытталған тың жобаларын ұсынып отыр. Ал, байқаудың өзі болса төмендегідей төрт бағытта өрбіді:
1) «Альтернативті энергетика және экология»
2) «Альтернативті энергетика және экономика»
3) «Альтернативті энергетика және өнеркәсіп»
4) «Альтернативті энергетика және технология»
Байқау барысында Баян Сәдуақасованың энегрия үнемдеуге бағытталған жобасы қазылар алқасының ерекше назарына ілінді. Ол Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы. Қорғауға алып келген жобасының толық атауы: «Оқушылардың көмегімен электр энергиясын үнемдеу жолдарын анықтау және олардың кинетикалық энергиясын электр тогына айналдыру» деп аталады. Қазылар алқасының төрағасы, «Астана Expo-2017» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Александр Суворов Баянның осынау жобасын ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жүзеге асыруға мүмкіндік жасауға уәде етті.
Сонымен қатар, Көкшетау, Астана және Өскемен қалаларынан келген жас ғалымдар да болашақта өз басталамаларын осынау көрме аясында жүзеге асыруға ниетті.

Гүлжан Раманкулова

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар