EXPO-2017

Елбасы «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізуде алдымызға зор міндет қойды

10.06.2014

7712

Рәпіл ЖОШЫБАЕВ, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:
– Рәпіл Сейітханұлы, ХХI ғасыр эконо­ми­калық саясаттан күш алатын интеграциялар ға­сыры атанады дейді...

– Дипломатияның бұл түрі мемлекеттің екі­­жақты және көпжақты негізде ұлттық эко­номиканы қолдауға және дамытуға, со­нымен қатар халықаралық істерде мем­ле­кет­тің жалпы сыртқы саяси бағыты шеңберінде мақ­сатқа жетуін, сыртқы экономикалық мүд­делерді қамтамасыз ететін диплома­тия­лық тәсілдер мен әдістерді және эконо­ми­ка­лық шаралар мен құралдарды (сауда сая­саты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдану. Эко­номикалық дипломатия өз елінің сауда жә­не қаржы секторын қолдау мақсатында дип­ломатиялық тапсырма орындайтын сауда дип­ломатиясына жақын. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілері – экспорт және ин­вестиция жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлт­тық өнімдерді сату мен өткізуге қолайлы жағ­дай туғызу.

– Ал әлемдік нарықта қазақстандық экс­пор­терлар үшін қолайлы жағдайлар қалып­та­сып отыр деп үміттенуге бола ма?

– Экономикалық дипломатия, қашанда Қ­азақстанның сыртқы саясатының негізі бо­лып қалады. Өмірімізге дендеп еніп бара жатқан жаһандану мен әлемде ықпалдаспай, жеке-дара дамудың мүмкін еместігіне көз жеткізе түсуде. Қазақстан өзге елдермен тек сая­­си ғана емес, экономикалық байланыс­тар­ды да арттыруға күш салып отыр.

Биыл ғана жүзеге аса бастаған Қазақстан, Ре­сей, Беларусь мемлекеттерін біріктіріп отырған Кедендік одақ пен оның аясында қол­ға алынған және келесі жылдан бастап іске қосылатын Бірыңғай экономикалық кеңіс­тік – ықпалдастық бағытындағы іргелі ша­ралардың бірі. Оның аясында Қазақ­стан­ның экономикалық мүддесі мен еуразиялық интеграцияның ең тиімді үлгілерін іздестіру­ге деген талпыныс бар. Демек, сауда және эко­номикалық дипломатияны алға жыл­жыту­ға мүмкіндік беретін алғышарт қалып­тас­тырылды. Инвестиция тарту, арнайы эко­номикалық аймақтарды дамыту, экс­порт­ты ынталандыру бойынша Мемлекеттік бағ­­дарлама қабылданды, сондай-ақ Ұлттық-экспорттық Стратегия әзірленіп жатыр. Мем­­­лекеттік деңгейде қолға алынған құжат­тар­ды іс жүзіне асыруға барлық мемлекеттік ап­парат – дипломатиялық өкілдіктер мен мем­лекеттік құрылымдардан бастап облыс­тық, аудандық деңгейдегі әкімдерге дейін атсалысуы тиіс.

– Инвестициялық жобалар мен жаңа тех­нологиялар трансферті саласы бойынша эко­номикалық байланыстар орнататын инвестор мемлекеттер анықталды ма?

– Әзірге 26 инвестор мемлекеттердің ті­зі­мі анықталды. Әрине, олардың қатары қазіргімен шектеліп қалмайды. Шетелден ин­вестиция тартуға ықылас білдірген мем­лекеттік органдар мен қазақстандық бизнес тобына алыс-жақын шетелдерде ұйым­дас­тырылған шаралар туралы ақпараттармен та­ныстырылып отырады. Мұндай іс-шара ке­зінде ел жайлы ақпараттық-анықтамалық ма­териалдармен (Investors’ Guide, бро­шюралар мен буклеттер) беріледі. Шетелдік инвесторларға біздің елдің инвестициялық климаты жайлы толыққанды ақпараттармен танысуға мүмкіндік беріледі. Шетелдік бизнес қауымдастығы мен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өткен «дөң­гелек үстелдер» Қазақстан Үкіметі мен ха­лық­аралық бизнес қауымдастығы ара­сын­дағы диалогты алға жылжытуға жол ашады.

– Шетелдердегі дипломатиялық өкілдік­тері­міз инвестиция мәселелері бойынша кеңес бе­ре алатын маман-кадрлармен қамтамасыз етіл­ген бе?

– Дипломатиялық өкілдіктеріміздің сая­си ғана емес, экономикалық блогы берік. Өз­бекстан, Украина, Ресей, Қытай, Герма­ния, Франция елдеріндегі өкілдеріміз үкі­меттің экономикалық блогындағы мин­истр­лік­тердің мамандары қатарынан то­лық­тырылып отырады. Алдағы уақытта тек жекелеген ел­дерде ғана емес, әлемдегі ең ірі қалаларда қа­зақ елінің сауда – инвестициялық өкіл­діктерін ашу ойда бар. Біздің ел 2013 жылы «Инвесторды қорғау» индикаторы бойынша бә­секеге қабілетті 50 елдің қатарына қосыл­ды, ал бәсекеге қабілеттіліктің жаһан­дық ин­дексі бойынша 185 елдің ішінде биыл екінші жыл қатарынан оныншы орында ке­леміз. Халықаралық сарапшылар біздің елді биз­нес жүргізуге қолайлы елдің қатарына қо­сып отыр. Бүкіләлемдік банктің «Doing Business-2014» рейтингі бойынша 50-орынға тұ­рақтады.

– Жыл аяғына дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше боламыз деп отырмыз. Әлемдік сау­да ұйымының заңы қатал. Осыған байла­ныс­ты экономикалық саясатымызда қандай өз­герістер болады?

– ДСҰ – сыртқы саясатымызға да, эко­но­микалық саясатымызға да өзгерістер алып ке­лері анық. Әрине, экономикалық сая­са­ты­мыздағы басым бағыттар қайта қарасты­ры­лады. Қазақстандық бизнес өкілдерінің де жаңа саясатқа бейімделіп, етек-жеңді ық­шамдай бастағаны дұрыс дер едім.

– Сыртқы саясаттың экономикалық блогы мен шетелдік қаржы институттары арасындағы бай­ланыс туралы не айтасыз?

– Экономикалық байланыс және сауда Ұйым­дарымен байланыс дұрыс. Қазақстан ЕО-ға мүше елдермен бірге, Орталық Азия ел­дері комитетінің жұмысына жетекшілік етіп келеді, сондай-ақ үш жылдық мерзімді қам­титын Бәсекеге қабілеттілік Бағдар­ла­масы бойынша жұмыс тобында тең төраға.

– Халықаралық көрмелер бюросы мен ЭКСПО көрмесіне қатысушы елдердің алдын­да Cіз Қазақстанның атынан жауапты тұлға­лар­дың бірісіз. Осы қызметке тағайындағаннан бас­тап атқарылған жұмыс пен болашаққа қой­ған жоспарларыңыз жөнінде айта кетсеңіз?

– «Астана – ЭКСПО-2017» біздің еліміз үшін ең маңызды жобалардың бірі. Сол бір та­рихи жеңіске жеткен күннен бастап Астана қаласында біраз жұмыстардың басы қайы­рылды. Біз бүгін барлық қажетті ұйымдас­тыру­шылық құрылымды жасақтап біттік. Атап айтқанда, Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен ЭКСПО-ны дайындауға, өткізуге жауапты барлық мем­лекеттік құрылымдардың басшыларының қатысуымен Ұлттық жоспар дайындалды, «Астана–ЭКСПО-2017» Ұлттық компания­сы құрылды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Жарлығымен «ЭКСПО-2017» Комис­сары бекітілді.

Қазір ел көлемінде баламалы қуат көзде­рін жаңғыртуға барлық қолайлы шарттар жа­салған, Елбасымыздың Жарлығымен «Жа­сыл экономикаға» өтудің Консепциясы бе­кітілді.

2013 жылы желтоқсан айында Президент жар­лығымен «ЭКСПО-2017» туралы Заңға қол қойылды. Көрмені ұйымдастыру бойын­ша шетелдік тәжірибені игеру мақсатында Шан­хай, Йосу, Милан қалаларындағы ЭКСПО басшылығымен келіссөздер өткіз­дім. Павильондарды келіп көру – бұл қа­тысу­­шылардың келу бағдарламасының тек бір бөлігі ғана. Қонақтар келген елдің ты­ныс-тіршілігімен танысып, ұлттық тағам­дар­дың дәмін татып, салт-дәстүрі мен мә­дени мұралары жөнінде терең біліп, табиғи саябақтар мен тарихи орындарды тама­ша­лағылары келеді. «Астана – ЭКСПО-2017» жобасын ұйымдастыру біздің еліміздегі ту­ризм­нің даму тақырыбымен тікелей бай­ла­нысты. Осыған орай, шетелдік қонақтар мен туристерді Қазақстанға тарту бойынша Германия, Ұлыбритания, Австрия, Италия, Латвия, Қытай, Корея, Гонконг және Ма­каоның мемлекеттік туристік құрылымдары мен қауымдастықтарының жетекшілерімен келелі кездесулер өткіздім.

ЭКСПО-2017 тек қана көрме емес. Біз ел экономикасының көшін алға сүйрейтін қуат­ты локомотивтер кешені болып табы­ла­тын тұтас кешеннің құрылысын бастаймыз. Астана ЭКСПО өткізетін ел ретінде бекер таң­далып алынған жоқ. Біздің знергетика мәселесін қозғауымыз да тегін емес, әрине. Өйт­кені шикізат көзінің түбінде бір түгесіле­тінін жақсы түсінеміз. Сондықтан да тұ­рақ­ты энергияны, баламалы энергетиканы пай­далану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі. «Болашақ энергия­сы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энерге­ти­ка, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік.

– Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғы­лымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсы­натын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы не­ден туындаған еді?

– Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде ба­ламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қа­жетсініп отыр. Міне, сондықтан да Қа­зақ­стан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер ЭКСПО-ны өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады деп сенеміз. Миллиондарды толғандыратын бо­лашақ энергиясы тақырыбын талқылау адам­зат тарихындағы кең ауқымды пікір­та­ластың бірі. Оны әлемдік қауымдастық та же­те түсініп отыр. Астананың игі баста­ма­сына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, да­мыған Еуропа мемлекеттерінің көбісі қол­дау білдіруде. «ЭКСПО-2017» жоғары дең­­дейде өтеді деген сенімдеміз.

Өйткені Елбасы аталған көрмені өткізуде ал­дымызға зор міндеттер қойып отыр.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ

Дереккөзі: aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар