Өзектi

Ғылымның дамығанын көретін көретін көз, көкірекке түйетін парасат керек

02.02.2018

5075

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған байқаудың қорытындысы шыққалы бері Қазақстан ғылымына қатысты пікір айтушылардың саны көбейіп кетті.
Мемлекеттің үш жылда бір бөлетін қаржысының қорытындысы кезінде Қазақстанда ғылымның дамуына баға беру мүмкін емес. Біздіңше, ғылымға баға беру үшін байқаудың қорытындысын күтіп отырудың да қажеті жоқ. Ал дәл осы кезде берілген баға ештеңені айқындап бере алмасы анық.
Әлеуметтік желіде кейбіреулер ғылыми-техникалық жобаларға баға береген шетелдік сарапшылардың бағасы неге есепке алынбайды деп ренішін білдірді. Иә, логикаға сыйымды сұрақ.
Ғылымнан алыс жүрген адамдар «шетелдік сарапшылар тарапанын жоғары баға алған ғылыми жобалар неге Ұлттық ғылыми кеңестің сынынан неге өте алмаған, егер олардың бағасы ескерілмесе өзге елдің сарапшыларына мемлекет қаржысын неге жұмсаймыз» деп айтуда.
Осы ретте шетелдік сарапшылардың бағасы не үшін керек деген сұраққа жауап берсек. Кейбіреулер шетелдік сарапшылардың бағасы тек ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін ғана қажет деп ойлайды. Шындығында бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымы кең екенін көпшілік біле бермейді.
Айталық, Қазақстан «Болон үрдісіне» мүше болған күннен бастап, ғылыми ынтымақтастық аясы кеңейтуге бет бұрғаны белгілі. Қазіргі таңда ғалымдар өздері мен өздерінің жұмысы ғылыми трендте болуы үшін шетелдің импакт-факторлық көрсеткіші жоғары ғылыми журналдарына мақала жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болуға ұмытылады. Бұл әлемдік ғылыми кеңістікте жүріп жатқан үрдіс.
Бұдан Қазақстанда шет қалмауы керек. Тәуелсіздік жылдары қазақ ғалымдары ғылыми ынтымақтастық аясын барынша кеңейгенін кез келген ғалым мойындайды. Осының нәтижесінде қазақ ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізіп, өздерінің күш-қуатын дүниежүзіне танытты.
Қазір еліміздегі дамыған елдердегі іргелі ғылыми мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатқан ЖОО мен ҒЗИ өте көп. Осы үрдістің бәрі Қазақстанда ғылымның оң бағытта дамуына ықпал еткені сөзсіз.
Егер біздер отандық ғалымдардың ғылыми жобаларын шетелдік сарапшылардың қарауына жіберуді тоқтатсақ, Қазақстанның дамыған елдер арасындағы ғылыми ынтымақтастығына сызат түсетінін ұмытпауымыз керек.
Бүгінде ғылыми жобалар дайындаған ғалымдарымыз өз жұмыстарын сапалы жазуға тырысады. Бұл қажет пе? Әрине қажет. Осы бір жайттан-ақ мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) қазақ ғылымына сапа кіргізіп, жүзін жарық қылғанын байқауға болады.
Тағы бір мәселе бізде былайғы жұрт ғалымдар қандайда бір құрылғына ойлап тауып, елдің игілігіне жаратуы керек деп бейкүнә ойға бой берілетіні жасырын емес. Бұл өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы ұғым-түсінік.
Қазір ғылымның дамуы күрделеніп кеткен. Бір мәселені шешу үшін дүниежүзінің тұтас ғалымдары жабылып, жұмыс істеуде. Ал біз болсақ, сол кеңес заманындағы өлшемге салып, Қазақстанда ғылым дамып жатқан жоқ деп айғайға аттан қосумен келеміз. Шындығында Қазақстанда ғылым дамып жатыр. Оны көретін көретін көз, көкірекке түйетін парасат керек.
Бүгінде тұтас бір елдің ғылымы тиімді бағытта дамып жатқанын анықтау үшін ғалымдардың ғылыми мақалаларды көптеп жариялап, ғылыми жұмыстардың жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болғанымен есептеледі.
Ал біз болсақ, ғалымдарымыз кесек бір дүниені ойлап тапады деп байбалам салуға әуеспіз. Бұл дұрыс емес.
Қазіргі таңда Қазақстанда ғылым Орталық Азия елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде дамып келеді. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды.
Бүгінде ғылымның күрделенгені секілді ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциялау ісі өзекті мәселеге айналып отыр. Ғалымдарымыз қандайда бір дәрі ойлап тапса, оған клникалық сынақ жүргізу, сертификат алу сынды тиісті жұмыстар көп уақытта алатыны белгілі. Алдағы уақытта тиісті органдар осы бағыттағы жұмыстарды оңтайландыруға күш салуы керек.
Сонымен қатар қазақ ғалымдарының маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізуге еліміздегі ұлттық компаниялар мен холдингтер де мүдделі болуы керек. Бұл біреулер ойлағандай бір ғана – Білім және ғылым министрілігі атқаратын шаруа емес. Ғылымның пайдасын көруге тұтас қоғам мүдделі болуымыз керек.

Нұрлан ЖҰМАҚАНОВ, «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі жетекшісі


«« | »»
Соңғы жаңалықтар