Өзектi

Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысы қалай ұйымдастырылады?

04.01.2018

4772

«ҰМҒТСО» АҚ ұйымдастырған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландырудың байқауына еліміздегі ғалымдардан 4488 өтінім келіп түсіп, олардың бәріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) жүргізілді. Ендігі кезекте сараптамадан жоғары баға алған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды Ұлттық ғылыми кеңес (ҰҒК) мүшелері қарайтын болады. Осы ретте ғылыми жобаларға сараптама жасау ісіне дүниежүзінің 56 елінен 2120 сарапшы тартылғанын айта кетуіміз керек.
Енді кезекте ҰҒК жұмысы қалай ұйымдастырылатынын аз-кем айта кетсек. Белгіленген тәртіп бойынша ҰҒК жұмысы төмендегі кезеңдер бойынша рет-ретімен жалғасын табады:
1. Ең алдымен ҰҒК мүшелері МҒТС ресми қорытындысымен танысып, ҰҒК күн тәртібін белгелейді.
2. ҰҒК отырысын өткізу үшін тиісті құжаттар мен ақпараттар дайындалады.
3. ҰҒК отырысын өткізу үшін оның мүшелерін (талап бойынша) шақырылады. Жол билеттерін, қонақ үйден орын алу, күтіп алу және ҰҒК отырысын өткізетін жерлерді белгілеу сияқты дайындық жұмыстары жүргізіледі.
4. ҰҒК мүшелері отырысына келе алмаған тұлғаларды қамту үшін отырыстың нақты уақыты кезінде интернет-конференция ұйымдастырылады.
5. ҰҒК отырысы аудио, видео камераға түсіріп, қажетті кворум жиналады.
Осы ретте отырысты өткізу үшін тиісті кворумды жинаудың маңызы зор екенін айта кетуіміз керек. ҰҒК отырысын өткізу туралы Ереженің 27 тармағында «Кеңестің отырысына оның мүшелерінің үштен екісі жиналған кезде ҰҒК жұмысы құқықтық мәнге ие болады» деп атап көрсетілгендіктен, бұл талаптың сақталуы маңызды.
Бұдан кейінгі маңызды мәселе ҰҒК жұмысын аудио және видео камераға түсіру болып табылады. Таспаланған аудио, видео хаттама «ҰМҒТСО» АҚ сақталып, ҰҒК мүшелерінің шешімінің ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз ететін болады.
ҰҒК жұмысын ұйымдастыру Ережесіне 2017 жылы 5 сәуірде Үкіметтің №171 Қауылысы бойынша енгізілген өзгеріске сай, кеңес мүшелері құпия түрде дауыс бере алады. Аталған Ереженің 30 тармағына сәйкес ҰҒК шешімі маңызға ие болуы үшін кеңес мүшелерінің үштен екісі дауысын жинауы керек. Тиісті дауыс жиналған соң, шешім бойынша хаттама жасалынады. Жалпы құпия дауыс беру тәртібі кеңес мүшелерінің еркін дауыс беруі қамтамасыз етініні айта кетуіміз керек. Дауыс берудің нәтижесімен ҰҒК отырысында танысуға болады. Бұдан кейін қабылданған шешімге ҰҒК төрағасы мен хатшысы қол қояды. Бұдан кейін ҰҒК ақтық шешімін қабылдау немесе қабылдамау өкілеттілігі тиісті органға өтеді.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар