Өзектi

Қазақстан ғалымдары Springer Nature базасына жыл сайын 330 ғылыми мақала жариялайды

23.05.2017

5641

Қазіргі таңда ғылымды дамытуда Батыс елдерінің ғылыми мәліметтер базасымен жұмыс істеудің маңызы жоғары. Отандық ғылымдардың әлемдік ғылыми қауымдастықпен тығыз әріптестік қарым-қатынас деңгейінде жұмыс істеуіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айрықша көңіл бөліп, қазақ ғалымдарының дүниежүзілік ғылыми мәліметтер базасына қол жетімділігін арттыруға барынша қолдау көрсетіп келе жатқаны белгілі.
Қазіргі таңда Елбасы тапсырған осы бір маңызды жұмысты «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ жоғары деңгейде атқарып келеді. Орталық Thomson Reuters, Elsevier, Springer сынды ірі әлемдік ғылыми мәліметтер базасымен жұмыс істеп келеді.
Осы ретте біздер Springer компаниясының отандық ғылымды өркендету жолындағы маңызды жұмыстар атқарып келеді. Springer компаниясының Орталық Азия бойыншы өкілі Ирина Александрованың айтуынша ғылыми мәліметтер базасы иелік ететін www.springerlink.com және www.nature.com сайтында ғылымның түрлі салалары бойынша 2900 ғылыми журнал тіркелген. Жалпы ғалыми мәліметтер базасындағы ғылыми журналдар ғылымның 11 пәндік бағыты бойынша таптастырылғанын айта кетуіміз керек.
2015 жылы Thomson Reuters (Journal Citation Reports) ғылыми мәліметтер базасының келісімі бойынша Springer Nature баспасының құрамындағы 1713 ғылыми журнал импакт-фаторлық көрсеткішке ие болды. Сол сияқты Springer Nature баспасының 2247 журналы Scopus тарапынан индекстеуден өткенін атап айтуға болады.


Сондықтан әлемдік ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған ірі ғылыми мәліметтер қорымен Қазақстанның тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуінің маңызы зор.
Қазақстан ғалымдары 2006-2016 жылдар аралғында Springer ғылыми мәліметтер қорындағы 403 ғылыми журналға 2215 мың ғылыми мақала жариялап үлгерген. Осы көрсеткіштен жыл сайын қазақ ғалымдары орта есеппен 330 ғылыми материал жариялап тұрғанын байқауға болады. Бұл – шетелдің ғылыми журналдарына жарияланған қазақстандық мақалалардың 15 пайызын құрайтынын айта кетуіміз керек.

Springer Top uthor үздік ғылыми жұмыстармен айналысқан ғалымдарды марапаттау (Алматы. 07.11.2016)


«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар