Өзектi

Қазақ ғалымы 3 м/с болатын желден қуат көзін алтын қондырғы ойлап тапты

02.09.2016

5758

«ҚазАгроИнновация» АҚ тапсырысы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.Әбдіқайыров ауылшаруашылығы тауар өндірушілер мен малшыларға арнап желден қуат алатын қондырғы мен су сорғының тәжірибелік нұсқасын дайындап шығарды. деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның Баспасөз қызметі.
Жаңа жел қондырғысы күніне 8 кВт-қа дейін қуат көзін өндіретін мүмкіндікке ие. Ал су сорғы тереңдігі 40 метрдегі су көздерін еркін жер бетіне шығарады.
Ғалым өзінің ғылыми жұмысы жайындағы жазбасында ойлап тапқан су сорғысы жер асты кеніштеріндегі суды сыртқа сорып шығаруға және орталықтан шет жатқан малшылар төрт түлікке қажетті суды құдықтан еркін сору үшін таптырмас құрал екенін айтқан. Сондай-ақ, ол өзінің ғылыми еңбегін патенттеп, тәжірибелік нұсқасын дайындап қойғанын да айта кетуіміз керек.
Маман өзі жасап шығарған қондырғылары Қазақстан территориясының 80-85 аймағында еркін пайдалануға болатынын алға тартуда. Желден қуат көзін өндіретін қондырғы желдің ең төменгі жылдамдығы 3 м/с болған жағдайда да қуат көзін өндіретінімен ерекшеленеді. Ал су соруға арналған қондырғы 2,5 м/с жел кезінде де жұмыс істей береді. Сондықтан қос қондырғыны орташа жел ағымы 3,0-5,5 м/с болатын аймақтарда еркін пайдалануға болады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар