Өзектi

Қазақ ғалымының тың жаңалығы Америкада қолдау тапты

31.12.2015

5783

Отандық ғалымдардың еңбектеріне шетелдік әріптестері қызығушылық танытып отыр, деп хабарлады www.24.kz.
АҚШ-та өткен халықаралық форумға Көмірсутектің жану проблемалары бойынша институт директоры Зұлхаир Мансұров ағылшын тілінде баяндама әзірлеген. Тақырыбы «Ауыр шикі көмірсутектің өңделу жолдары» деп аталады. Яғни, отандық ғалымдар көмірсутекті өңдеу кезінде қоршаған ортаға оның залалын тигізбеу үшін арнайы әдіс ойлап тапқандарын айтады. Бұл жаңалыққа сырттай қызығуға болатын өзіндік себебі бар. Өйткені трансұлттық компаниялардың барлығы бірдей бұл саладағы жетістіктерімен бөлісе бермейді. Қазақ ғалымдарына үміт артқан америкалық әріптестері жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуға да мүдделі болып отыр.

«Атланта қаласында мұнай-химия бойынша симпозиум өтті. Онда мұнай өндіру, өңдеу бойынша жетекші елдердің өкілдері болды. Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі Елбасы осы сала бойынша PhD бағдарламасын енгізуге қолдау білдірген болатын. Бағдарлама негізінде профессордың дәрісін тыңдауға мүмкіндік туады. Бір жағынан ағылшын тілінде жатық сөйлейсің, терең түсінесің, екіншісі, ағылшын тілінде мақала жазып, оны газет, журналдарға шығаруыңа болады. Баспада жарық көрген мақала мамандардың арасында дәйексөзге айналары хақ», - деді ҚР Көмірсутектің жану проблемалары институтының директоры Зұлхаир Мансұров.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар