Айтулы шара

08.10.2019 ҰМҒТСО-да Turnitin бағдарламасы бойынша тренинг өтті

8 қазанда «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында Turnitin бағдарламасын қолдану бойынша оқыту семинары өтті.
Turnitin – студенттердің және ғылыми жұмыстардың ішінде жалпыға қолжетімді шетелдік желілік ресурстардан алынған мәліметтердің бар-жоқтығын тексеруге мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі жүйе. Кеңестік кезеңде Turnitin әдетте орыстілді сегментпен шектелген «Антиплагиат» жүйесімен қатар қолданылатын.


Тренинг БҒМ Ғылым комитетінің бастамасымен Turnitin компаниясының қатысуымен «ҰМҒТСО» АҚ ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға «ҰМҒТСО» АҚ қызметкерлері, қазақстандық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар қатысты. Turnitin компаниясы атынан шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орта Азия бойынша өкілі Левченко Катерина және Ұлыбританиядан білім кеңесшісі Джейсон Гибсон қатысты.


Тренинг үш секциядан құралды. Бірінші секция теориялық сұрақтарды қамтыды: тренингке қатысушылар ұғымдық аппарат, тезаурус, академиялық әділетсіздік салдары мәселелерін қарастырды. Алған ақпаратты бекіту үшін қатысушылар 3 топқа бөлініп, интербелсенді талқылауда студенттер, оқытушылар мен институттардағы ғылыми этиканың бұзылу салдарын талқылады.


Екінші және үшінші секция жүйеде жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын алуға арналды. Тренингке қатысушылар жүйеде жеке бейін құруды үйренді, жүйенің негізгі мүмкіндіктері мен опциялары туралы түсінік қалыптастарды. Жекелей алғанда, олар жүйемен тудырылған түпнұсқалық туралы есептердің талдауына қажетті негізгі амалдармен танысты. Шара соңында тренинг қатысушылары Turnitin Feedback Studio бағдарламасы көмегімен кері байланыс ұсынудың тәсілдерін меңгерді.


Тренинг қатысушылары алған дағдылар Қазақстанның ғылыми ортасындағы академиялық адалдықты алға жылжытуға, қазақстандық жоғары оқу орындары кеңістігін плагиаттан таза аймақ жасауға себепші болады.

Анықтама: Turnitin сервисімен әлемнің 150 елінде 16 мың ЖОО қолданады. Turnitin іс жүзінде білім беру саласында мәтіндік контент сапасы мен түпнұсқалығын бақылау стандартын қалыптастырды. Аталмыш жүйе арқылы күн сайын 2 миллионға жуық жұмыс тексеріледі. Тексерілетін жұмыстармен теңестірілген ақпараттық мәтіннің жалпы ауқымы – 5 Петабайт. Жүктелген материалдарды салыстыруда и нтернет-беттердің жалпы саны – 70 млрд. бірлік. Әлемдік ғылыми мерзімді баспасөздің 98%-ы Turnitin мәтіндер ауқымына енеді, өйткені аталмыш сервис Crossref (Open Access ғылыми мақалаларының мәліметтер базасы) және Springer-Nature, Taylor and Francis, Wiley-Blackwell, Elsevier и IEEE ғылыми баспаларымен тығыз байланыс орнатқан.


«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

2495
Қатысушылар
Қатысу