Айтулы шара

05.10.2018 Ғылыми-техникалық саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды

ҚР БҒМ вице-министрі А.Қ.Аймағамбетов «ҰМҒТСО» АҚ басшылық құрамымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҰМҒТСО салаларының негізгі бағыттары бойынша баяндамалар жасалды. ҰМҒТСО президенті Ә.Ибраев орталықтың Қазақстанның ғылыми-техникалық саласын сараптамалық, ақпараттық-талдамалық қолдап отырғандығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Орталықтағы екі негізгі үдерісті жетілдіру: мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы және Ұлттық ғылыми кеңес жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Біріншіден, гранттық Конкурсқа ұсынылатын өтініштерді қосымша сүзгіден өткізу ұсынылды.
Екіншіден, «Ғылым сарапшысы» куәлігін беретін тетікті енгізу арқылы жобаларды сараптауға тартылған ғалымдардың мәртебесін көтеру.
Үшіншіден, құпия дауыс беру тәртібін өзгертіп, ҰҒК мүшелері берілген өтініштерді талқылау мен шешім шығаруды ашық түрде жүргізу.
Сонымен қатар, ҰҒК-ке мүше үміткерлерге талапты күшейтіп, олардың ұжымдық жоғарылату мүмкіндігін анықтап қарау.
Бұдан бөлек, бюджетті уақытылы игеру мақсатында конкурс уақытын өзгерту мәселесі талқыланды.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

1993
Қатысушылар
Қатысу