Айтулы шара

28.08.2018 Қазақстан – Тәжікстан: Орталық Азияның ғылыми-техникалық ынтымақтастығы

Бүгін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның («ҰМҒТСО» АҚ) қонақжай шаңырағында Тәжікстанның «Ұлттық патенттік-ақпараттық орталығының» мемлекеттік мекемесінің делегациясы қонақта болып Орталықтың жұмысымен танысты.
Тәжікстаннан келген қонақтар «ҰМҒТСО» АҚ президенті Әділ Ыбыраевпен кездесіп, екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ақпарат алмасу ісін дамыту мәселелері жайындағы ойларын ортаға салды.


Өз кезегінде Орталық президенті екі ел арасындағы байланысты нығайту үшін бірегей Орталық Азия сілтемелік мәліметтер базасына тәжік ғалымдарының да қосылып, ғылыми ынтмақтастықты дамытудың маңызы зор екенін алға тартты.
Бұдан кейін К.Мирәлиев бастаған мәртебелі меймандарды «ҰМҒТСО» АҚ вице-президенттері – Алмас Гаухар, Азамат Мәулітов және Толқын Каримова Орталықтың жұмысымен таныстырды.
Екі жақты әріптестікті дамыту бағытында өткен кездесуде тәжік ағайындар «ҰМҒТСО» АҚ-ның жұмыс тәжірибесі қатты қызықтыратынын алға тартты.


– Қазақстан Орталық Азия елдері арасында ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырған ел. Сондықтан Тәжікстанның ғылыми қоғамдастығы Қазақстанмен арадағы ғылыми-техникалық байланысты нығайтуға мүдделі, – деді К.Мирәлиев мырза.
Өз кезегінде «ҰМҒТСО» АҚ-ның вице-президенті Алмас Гаухар Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысы жайында әңгімелеп берсе, вице-президент Азамат Мәулітов Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қалай жүзеге астаныжайында кеңінен айтып берді.


Осы ретте алыстан ат терлетіп келген меймандар Қазақстандағы ғылымды қаржыландырудың жүйесі, сонымен қатар Орталықтың жетекші құрылымдық басқарма, департаменттерінің жұмыс тәжірибесі айрықша қызықтыратынын алға тартты.
Бұдан кейін «ҰМҒТСО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің директоры Маринат Бапиева ғылыми жобалардың есебін қалай қабылданатынын, «Антиплагиат» жүйесінің қалай жұмыс істейтінін кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар мәртебелі меймандар Қазақстанның ғылыми мәліметтер қоры жинақталған диссертациялық залын аралап көрді.
Кездесуде К.Мирәлиев «ҰМҒТСО» АҚ-ның мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға ғылыми өтінімдерді атоматты түрде қабылдаудың жүйесі мен Ұлттық ғылыми кеңестердің құпия дауыс беру ісі маңызы зор екенін айтып, бұл бағытта Қазақстан көш ілгері дамып кеткенін атап өтті.


Іс-тәжірибе алмасу барысындағы кездесуде Орталық қызметкерлері 1993 жылдан бергі ғылыми жұмыстардың бәрі электронды форматқа көшіріліп, сақтауға алынғанын алға тартты.


Нұрлан ЖҰМАХАНОВ, «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.


2733
Қатысушылар
Қатысу