Айтулы шара

12.06.2017 Елбасы «ЭКСПО» көрмесін ашық деп жариялады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО» халықаралық көрмесін ашық деп жариялады.
«Қымбатты қазақстандықтар, құрметті қонақтар, ханымдар мен мырзалар! Қонақжай Қазақстанның елордасы әсем Астанаға қош келдіңіздер! Бүгін біздің елімізде ғана емес, дүниежүзілік көрмелер тарихында айтулы күн. Қазір көптен күткен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің шымылдығы ашылды. Осы салтанатты мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Біз ЭКСПО көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізгелі отырмыз. Сөйтіп Қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген әлемдегі 35 қаланың қатарына қосылды. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін әйгілі ететін басты алаңға айналады», — деді Президент.


Елбасы Астана ЭКСПО көрмесінің арқасында әлемге жаңа қырынан танылатынын айтты.
«Тәуелсіз Қазақстанның символы Астана нағыз 21 ғасыр қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады. Көрмеге әлемнің 115 мемлекет 22 халықаралық ұйым қатысады. Мен олардың барлығына халқымыздың атынан ризашылығымды білдіріп, сәттілік тілеймиін. Халықаралық көрмелер бюросының президенті Стивен Кристиен мырза ұйымның бас хатшысы Висенте Лосерталес мырзаға алғыс айтамын. «ЭКСПО» көрмесін ашық деп жариялаймын. Ұлы даланың төріне қош келдіңіздер», — деді Елбасы.

2219
Қатысушылар
Қатысу