Айтулы шара

06.12.2016 Astex Astana Smart City 2016 шеңберінде ынтымақтастық туралы 24 құжатқа қол қойылды

Astex Astana Smart City 2016 бақытты өмір үшін «ақылды қала» шеңберінде ынтымақтастық туралы 24 құжатқа қол қойылды.

Бұл туралы форум жұмысының қорытындысына арналған ОКҚ-нің көшпелі баспасөз мәслихатында елордалық инвестициялар және даму басқармасының жетекшісі Әлішер Әбдіқадыров мәлім етті.

«Соның ішінде CISCO, IBM, NEC, Toyota Tsusho, Philips, Sap, MasterCard, Yandex, Shneider electric, Ай Ти компаниялар тобы сияқты «ақылды технологиялар», ақпараттық технологиялар салаларындағы әлем көшбасшылары бар»,- деді елордалық инвестициялар және даму басқармасының жетекшісі Әлішер Әбдіқадыров.

Оның айтуынша, келесі жылы іске асырылатын жобалар қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетеді.

Бүгін қала әкімдігі мен Ай Ти компаниялар тобының арасында CISCO және Philips компанияларымен консорциумда көшені жарықтандыру бойынша меморандумға қол қойылды. Бірегей жоба бойынша ескі үлгідегі 25 мыңнан астам шамды ауыстыру жоспарланып отыр.

«Іс жүзінде бұл заттар интернеті қалалық инфрақұрылымын құрудың бірінші кезеңі болып табылады. Экологияны бақылайтын түрлі құрылғылары бар бағаналар, Wi-Fi, көлік ағындары, осының бәрі осы базада болуы мүмкін. Және біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Жаңа жарықтандыруды пайдалану қалаға электр қуатының 60% үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз қалалық бюджеттен еш қаржы салып жатқан жоқпыз, инвестор құйып жатыр. Біз жаңартылған жарықтандыру желісіне ие боламыз. Қаланың қауіпсіздігі артады, жарығырақ болады. Бұған қоса, біз заттар интернетінің базалық инфрақұрылымынна ие боламыз. Біз басқа жобалар бойынша да осы қағидамен жұмыс істейтін боламыз.МЖӘ тетіктерін және сервистік модельді барлық жерде енгіземіз», - деп атап көрсетті Әлішер Әбдіқадыров..

Бүгін форумның шеңберінде стратегиялық бағыттарды дамытуды, соның ішінде қалалық технологияларды дамытуды және қаланы кешенді газдандыруды қарастыратын бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Дереккөзі: astana.gov.kz

2248
Қатысушылар
Қатысу