Айтулы шара

27.05.2016 ҰҒТАО – отандық ғылымды өрісін кеңейтеді

26 мамыр күні «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ әкімшілік ұжымның кеңейтілген басқосуы болып өтті. Жиын барысында алдағы уақытта отандық ғылымды дамытудың маңызды бағаттары мен жұмыс жоспары талқыланды. Осы ретте кеңейтілген жиын Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылғы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткенін айта кетуіміз керек.
Жиын барысында сөз алған «ҰҒТАО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев арнайы баяндама жасап, орталық алдына қойған маңызды міндеттерді табысты жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар кеңейтілген жиында оратлықтың құрылымдық бөлімшелері жетекшілері 2015 жылғы атқарылған жұмыстары мен алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарлары жайында қысқаша баяндады.
Өз кезегінде Ә.Ыбыраев бүгінде ғылымды заман талабына сай дамыту үшін маңызды міндеттер күтіп тұрғанын айтып, ойын былайша сабақтады:
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылымды дамытуда жаңа міндеттер қою өмір талабынан туындаған мәселе. Сондықтан бұл бағытта жан-жақты жұмыс істеп, отандық ғылымның өрісін кеңейту бәріміз үшін маңызды міндет болып саналады. Қазіргі таңда Қазақстан ғылымы өтпелі кезеңді бастан өткеруде. Біздер осы уақыт аралығында ғылымның тиімділігін көтеріп, ғылыми инфрақұрылымды дамытуға айрықша күш салуымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін біздің орталыққа үлкен жауапкершілік жүктелініп отыр. Сондықтан алдағы уақытта «ҰҒТАО» ғылымды дамытуға дем беріп, саланы алға сүйрейтін локомтивтердің біріне айналатына сенімдімін, – деді.
Осылайша кеңейтілген жиында орталық қызметкерлері көкейде жүрген ойларын ортаға салып, алдағы уақытта ғылымның өрісін кеңейтуден барынша күш жұмсап, еңбек ететіндерін байқатты.


«ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

2312
Қатысушылар
Қатысу