Айтулы шара

27.04.2016 Үш тілде білім берудің тиімділігі ғылым арқылы дәлелденген - Е. Сағадиев

Үш тілде білім берудің тиімділігі ғылым арқылы да дәлелденген. Оны енгізудің балаларға еш қиындығы жоқ. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім етті.

Министрдің пайымынша, балалардың үш тілде сөйлеп, білім алуында ешқандай да қиындық жоқ. «Егер жалпылама жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, екі және одан да көп тілде сөйлейтін балаларда даму деңгейі біршама жоғары. Бұны ғалымдар да микроскоп арқылы дәлелдеген: жеті жастағы екі тілде сөйлейтін баланың миындағы синопсия байланыстары бір тілде ғана сөйлейтін балаға қарағанда жоғары. Бұл ғылыммен дәлелденген. Осыған байланысты, бала туғаннан бастап екітілді ортаға тап болса, оның миының мүмкіндігі де жоғары болады. Сондықтан да, үш тілді білім беру жүйесіне көшудің еш қиындығы болмайды деп санаймыз», -деді Е. Сағадиев.

Осыған байланысты, министр елімізде үш тілді білім беруге көшуде еш кедергі болмауы керек деп санайды. «Біз 2019 жылға дейін жоғары сыныптарды осы жүйеге көшіретін боламыз. Бір айта кететіні, мектепте жоғары сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ағылшын тілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай жасаймыз. Бұндай ықпалдасу оқушы үшін міндетті. Осылайша, ол жоғары оқу орындарында да ағылшын тілінде оқытылатын техникалық пәндерге бейімделе бастайды», - деді министр Е. Сағадиев.

Дереккөзі: inform.kz

2092
Қатысушылар
Қатысу